Райымбек Баталов ҚР Президентінің кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Ол бұған дейін «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы қызметін атқарған. Райымбек Баталов 1970 жылы 21 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
* 90-жылдары: «Риддер Инвест» металлургия кешенінің басқарушы директорларының қатарында болды. «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» химия кешеніне, Тобыл элеваторына, Меркі қант зауытына және Шымкент ЖЭО-3-ке басшылық етті.
* 1992 жылы: Қазіргі таңда ірі «Raimbek» холдингіне айналған «Райымбек» сауда фирмасының негізін қалады.
* 2002 жылдан бастап: Қазақстан кәсіпкерлері форумы кеңесінің төрағасы.
* 2005 жылдан бастап: Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) Іскерлік кеңесінің Қазақстан ұлттық бөлігінің жетекшісі.
* 2007 жылдан бастап: ҚР Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның мүшесі.
* 2009 жылдан бастап: Қазақстан су асты спорты федерациясының президенті.
* 2010 жылдан бастап: ҚР Премьер-министрінің төрағалығымен өтетін бірыңғай үйлестіру кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ, Президент жанындағы Кәсіпкерлік жөніндегі кеңестің және «Атамекен» ҰКП Төралқасының мүшесі.
* 2012 жылдан бастап: Еуразиялық экономикалық комиссияның (Мәскеу қ.) Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік комитетінің тәуелсіз сарапшысы.
* 2015 жылдың қыркүйегінен бастап: Бизнес пен жоғары оқу орындарының ынтымақтастығына бағытталған «ENACTUS Қазақстан» халықаралық коммерциялық емес ұйымының Директорлар кеңесінің төрағасы.
* 2022 жылғы 18 ақпан: «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы болып сайланды.


