Құрметті отандастар!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – біздің ең асыл қазынамыз, ел игілігі жолындағы жарасымды ынтымағымыз бен берік бірлігіміздің айқын көрінісі. Егемен елімізді мекендеген 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің татулығын, сан алуан мәдениет пен дәстүрдің өзара құрметін дәріптейтін ерекше мейрамға айналды.
Тәуелсіз еліміздің барлық жетістіктері мен толағай табыстарының берік негізі – татулық пен тұтастық. Әр түрлі этнос өкілдері бір шаңырақтың астында бас қосып, бір тудың астында біріге отырып, бүгінгі еңселі елді, іргелі мемлекетті қалыптастырды. Тағдыр тоғыстырған сан түрлі ұлт өкілдері қасиетті қазақ жерінде бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Бұл – баршамызға ортақ мақтаныш, ортақ байлық.
Көзқарасымыз әртүрлі болғанымен, мақсатымыз – ортақ, тілегіміз – бір. «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидасы бүгінде мемлекеттік саясаттың ғана емес, әр азаматтың өмірлік ұстанымына айналып отыр.
Түсіністік пен тұрақтылық – әрқайсымыздың белсенді қатысуымызды талап ететін қастерлі құндылықтар. Осы ақиқатты терең ұғынып, оны күнделікті өмірімізде берік ұстану – Қазақстанымызда бейбітшілік пен берекенің мәңгі салтанат құруының кепілі.
Кең байтақ жерімізде сан түрлі этнос өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруі — мемлекетіміздің сарабдал саясаты мен халық даналығының нәтижесі. Әрбір ұлттың тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрмет көрсетіліп, олардың дамуына кең мүмкіндік жасалуы — еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің берік кепілі.
Осы айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, ынтымақ пен ырыс тілеймін! Ынтымағымыз ыдырамай, бірлігіміз бекем болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, татулығымыз мәңгі жасай берсін!
Ізгі тілекпен,
Түркістан облыстық мәслихат депутаты Алмас Салимов!


