Ұлы Жеңіс, ерлік пен елдіктің, батырлық пен қайсарлықтың мәңгілік символы. Бұл күн, Отан үшін от кешіп, ел мен жердің азаттығы жолында жанын қиған қаһарман боздақтарды еске алып, олардың рухына тағзым ететін қастерлі мереке.
Сарыағаш ауданында бүгінде Ұлы Отан соғысының көзі тірі бір ғана ардагері Ишхонов Эрмохан ақсақал өмір сүріп келеді. Ғасыр жасап отырған ардақты қария тұтас бір дәуірдің, қиын тағдыр мен қайсар рухтың куәсі. Ардагеріміздің өнегелі ғұмыры кейінгі ұрпаққа ерлік пен отансүйгіштіктің айқын үлгісі.
Жеңіс оңай келген жоқ. Миллиондаған боздақтың қаны мен жанқиярлығының арқасында бүгінгі бейбіт өмірге қол жеткіздік. Сондықтан ел тыныштығы мен тәуелсіздіктің қадірін әрдайым биік ұстап, майдан даласында қаза тапқан батырлардың рухына мәңгі тағзым етеміз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын!
Ұлы Жеңістің рухы ұрпақ жадында мәңгі сақталады!
Құрметпен,
Сарыағаш аудандық мәслихат депутаты
Пердуқұлов Қайрат.


