Құрметті ардагерлер мен барша отандастар!
Сіздерді 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ерлік пен елдіктің, батырлық пен бірліктің мерекесі. Бейбіт өмір үшін жанын қиған боздақтардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Батыр бабаларымыздың қаһармандығы – кейінгі ұрпаққа мәңгілік өнеге.
Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, елімізге тыныштық пен береке тілеймін!
Жеңіс рухы әрдайым жүрегімізде жаңғыра берсін!
Ізгі тілекпен, Бәйдібек ауданының мәслихат депутаты Ерғали Асанұлы!


