Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ОҢ ӨСІМ КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

22 мая, 2026
in Жаңалықтар, әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ОҢ ӨСІМ КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Соңғы жылдары Түркістан облысында жүйелі басқару, ашықтық пен тиімді диалог принциптері орнығып, қоғамдық-саяси өмірде айтарлықтай ілгерілеу байқалуда. Бұл халықтың мәселесіне жедел ден қою, стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруда үлкен рөл атқаруда. Облыс әкімдігі мен жергілікті атқарушы органдардың, тиісті сала мамандарының бірлескен жұмысы ел Президенті қойған міндеттерге сай, Түркістанды тұрақты әрі дамыған өңірге айналдыру жолындағы нақты қадамдардың көрінісі саналады.

Жуырда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Біріккен Ұлттар Ұйымының даму құқығы мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Сурья Девамен кездесті. Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, экономика, инфрақұрылым, әлеуметтік сала бойынша оң көрсеткіштерге тоқталды.

 

– Түркістан өңірі әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуде Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған тұрақты даму мақсаттарына ерекше мән береді. 2026 жылғы 1 наурыздағы мәлімет бойынша Түркістан облысы халқының саны 2146,7 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар – 545,1 мың адам (25,4%), ауыл тұрғындары – 1601,6 мың адам (74,6%). Біз экономикалық өсім мен әлеуметтік әділеттілікті үйлестіруге, халықтың әл-ауқатын арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған кешенді саясат жүргізіп келеміз, – деді ол.

Айта кетейік,  2026 жылдың  қаңтар-наурыз айларында Түркістан облысы  қысқа мерзімді экономикалық өсім 119,4%-ды құрап, республикада  2-орынға ие болды.

Бұл туралы өңір басшысы Нұралхан Көшеров Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясында атап өткен болатын.

– Тұрғындарды толғандыратын мәселелерді жедел әрі сапалы шешу. Осы бағытта әкімдік пен мәслихаттың бірлескен жұмысы айрықша маңызға ие. Биылғы жылдың бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерде оң өсім сақталды. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 119,4%-ды құрап, республика бойынша 2 орында тұрмыз. Бұл – облысымыздың әлеуетін тиімді пайдаланудың нәтижесі. Біз осы қарқынды сақтап, бірлескен жұмысты жандандыра түсуіміз қажет. Алдағы уақытта бүгін қабылданған шешімдерді жүзеге асыруда бірлесе жұмыс атқарамыз деп сенемін, – деді Нұралхан Көшеров.

Сондай-ақ, кездесуде экологиялық тұрақтылық  мәселелері де кеңінен талқыланды. Өңірде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, жасыл технологияларды енгізу және қоршаған ортаны қорғау шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар көші-қон және интеграция мәселелері де ерекше назарда. Түркістан облысы – табиғаты әсем, тарихи мұраларға бай аймақ. Дегенмен, өңірде қарқынды урбанизация мен өндірістің дамуына байланысты экологиялық мәселелер күннен-күнге өзекті болуда. Қазіргі уақытта табиғатты қорғау, қоршаған ортаның ластануын азайту және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда. Облыста азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік үйлесімділікті нығайтуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Жиында гендерлік теңдік мәселесі де сөз болды. Түркістан облысы – демографиялық өсімі жоғары аймақ. Бүгінгі таңда, өңірде 400 мыңнан аса отбасы бар.  Көпбалалы батыр аналардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады.  Бүгінгі таңда Түркістан облысындағы  5611 мемлекеттік қызметшінің 1572-сі немесе 28,1%-ы – қыз-келіншектер. Оның ішінде, 233 әйел немесе басшылық лауазымдарды атқарады.

 

Сондай-ақ өңірде  әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбектер көрсетуде. Облыс көлемінде шамамен 210258 мың кәсіпкер болса, оның 91 мыңнан астамы – әйелдер. Статистикаға сәйкес, шағын және орта кәсіпкерліктің 43,1%-ында әйел адамдары басшылық жасауда. Түркістан облысы бүгінде тұрақты даму бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізіп отырған өңірлердің бірі. Экономикалық өсім, әлеуметтік тұрақтылық, экологиялық жауапкершілік және гендерлік теңдік бағытындағы жұмыстар аймақтың жан-жақты дамуына негіз болуда.

Алдағы уақытта да өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын құру және заманауи инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасады. Бұл бастамалар Түркістан облысының еліміздің жетекші аймақтарының біріне айналуына мүмкіндік береді

Кездесуде  азаматтық қоғамды қолдау, отбасы құндылықтарын нығайту және әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға  бағытталған бастамалар да талқыланды. Жиын соңында Ертай Кенжебекұлы БҰҰ арнайы баяндамашысының тәжірибесі мен сараптамалық көзқарасының өңір үшін маңызды екенін атап өтіп, пікір алмасу Түркістан облысының даму стратегиясын жетілдіруге және халықаралық тәжірибені енгізуге серпін беретінін жеткізді. Кездесу қорытындысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тәжірибе алмасуды жалғастыруға ниетті  екенін білдірді.

«aqparatinfo.kz» порталы

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЛЫП КИІЗ ҮЙДЕ САММИТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ МЕН ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

«МУЗЕЙ ТҮНІ» МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі