Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖАҢА ЗАУЫТТАРМЕН ТОЛЫҒАДЫ

23 мая, 2026
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖАҢА ЗАУЫТТАРМЕН ТОЛЫҒАДЫ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан нақты қолдаулардың нәтижесінде Түркістан облысының  әлеуметтік-экономикалық бағыты дамып, өндіріс көлемі артып, жаңа кәсіпорындар ашылып, мыңдаған тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылуда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Штаб отырысына облыс әкімінің орынбасарлары, аудан-қала әкімдері, басқарма басшылары мен шетелдік және отандық инвесторлар қатысты. Күн тәртібінде 2026 жылы іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалар таныстырылып, өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық даму жұмыстарының нәтижелері талқыланды.

Отырысты ашқан облыс әкімі өңір экономикасын дамытуда инвестициялық жобалардың маңыздылығына тоқталып, жауапты тұлғаларға жобаларды сапалы әрі уақтылы жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

– Әрбір аудан, қала әкімі мен жауапты басқарма басшылары инвестиция тарту жұмыстарына басымдық берулері керек. Бүгінгі мәжілісте мәселелер ашық айтылып, тиісті шешімдер қабылданады. Біз әрбір жобаның іске асырылу барысын мұқият қадағалап, туындайтын мәселелерді шешуге қолдау көрсетеміз. Сіздердің жобалырыңыз іске асып, облысымыздың экономикасының дамуына  драйвері болады деп сенеміз, – деді Нұралхан Көшеров.

Штаб отырысында бірқатар ірі инвестициялық жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы арнайы экономикалық аймақта жүзеге асырылатын жоба ұсынылды. Мұнда ПВХ құбырларына арналған арматура, ленталар, тамшылатып суару құбырларын өндіруге арналған жабдықтар және тоқылған су шлангтері шығарылмақ.

Сонымен қатар Сауран ауданындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында іске асырылатын бірнеше өндірістік жоба қаралды. Олардың қатарында «BOSHIRAN XINJIANG» компаниясының ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру және шығару жобасы, «Lihua Group» ЖШС-нің карбамид тыңайтқыштары мен мақта майын өндіру зауыттары, сондай-ақ «BAKS Innovations Inc. — CAESG Platform» компаниясының биомассаны терең өңдеу және көміртегін байланыстыру инновациялық кешені бар.

Бұдан бөлек, «Yassy Energy» ЖШС-нің трансформаторларға арналған гофрленген қабырғалар, қақпақтар және магнитөткізгіштер өндіретін зауыт жобасы таныстырылды. Аталған жобаларды жермен, инфрақұрылыммен қамту мәселелері талқыланып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Сарыағаш ауданы мен Арыс қаласында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар және 2025 жылы шетелдік инвесторлармен жүргізілген келіссөздердің нәтижелері туралы есептер тыңдалды. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мен Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев өңірлердегі атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндады.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі инвесторларға өңірге деген сенімі мен белсенді жұмыстары үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ әрбір жобаның іске асырылу барысы тұрақты бақылауда болатынын атап өтіп, жауапты мекемелерге инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Айта кетейік, 2025 жылы облыс экономикасына 1,7 трлн теңгеге инвестиция тартылып, өсім 121,6%-ды құрады.  Өткен жылы жалпы құны 340 млрд теңгені құрайтын 58 инвестициялық жоба іске қосылып,  8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл да осы қарқынды сақтап, облысқа  1,7 трлн теңге инвестиция тарту көзделген. Бұл көрсеткішке жалпы құны 369 млрд теңгені құрайтын 67 инвестициялық жобаны жүзеге асыру есебінен қол жеткізіледі. Атқарылған жұмыстар өңірдің макроэкономикалық даму динамикасына тікелей оң әсерін тигізді.

Осы жылғы 4 айдың қорытындысы бойынша өңір экономикасының өсімі 125,2%-ды құрап, республикада бірінші орынға шықты. Өңірдің даму әлеуетін ескере отырып, 2026-2029 жылдарға жалпы құны 2,7 трлн  теңгені құрайтын 122 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылды. Нәтижесінде, 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, 100 млрд теңге салық түспек. Осы жоспарлаған жобаларды жүзеге асыру есебінен, алдағы 5 жылда жалпы өңірлік өнім көлемін 2,7 есеге арттыру, ал өзіндік кірістерді 2,3 есеге ұлғайтуды көзделіп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстардың мақсаты – бәсекеге қабілетті, өндірісі дамыған, инвестиция тартуға қолайлы және экономикасы дамыған, халықтың әл-ауқаты тұрақты өсетін қуатты өңір қалыптастыру.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан өңірі – инвестиция мен бастамалар тоғысқан, кәсіпкерлікке кең мүмкіндік берілген аймаққа айналды. Заманауи өндіріс орындары, агроөнеркәсіптік кешендер, туризм, құрылыс, логистика және терең өңдеу салаларындағы ауқымды жобалар өңірдің экономикалық әлеуетін еселей түсуде. Әсіресе мемлекет қолдауымен жүзеге асып жатқан индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық бастамалар кәсіпкерлердің жаңа белестерге көтерілуіне жол ашты.

Алдыңғы жаңалық

Түркістанда әлеуметтік-экономикалық бағыт дамып, өндіріс көлемі артып келеді.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі