Түркістан облысында кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүзеге асып жатқан жүйелі жұмыстар өңір экономикасының қарқынды дамуына тың серпін беруде. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан нақты қолдаулардың нәтижесінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық бағыты дамып, өндіріс көлемі артып, жаңа кәсіпорындар ашылып, мыңдаған тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылуда.
Бүгінде Түркістан өңірі – инвестиция мен бастамалар тоғысқан, кәсіпкерлікке кең мүмкіндік берілген аймаққа айналды. Заманауи өндіріс орындары, агроөнеркәсіптік кешендер, туризм, құрылыс, логистика және терең өңдеу салаларындағы ауқымды жобалар өңірдің экономикалық әлеуетін еселей түсуде. Әсіресе мемлекет қолдауымен жүзеге асып жатқан индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық бастамалар кәсіпкерлердің жаңа белестерге көтерілуіне жол ашты.
Өңір кәсіпкерлері мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдауға ризашылықтарын білдіріп, Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екендерін атап өтті. Кәсіпкерлердің айтуынша, өңірде қолға алынған ерекше жобалар мен ірі бастамалар Түркістанның инвестициялық тартымдылығын арттырып қана қоймай, ел экономикасының дамуына да елеулі үлес қосып келеді. Жергілікті кәсіпкерлер Түркістанның бүгінде тек тарихи-рухани орталық қана емес, бизнес пен инновацияның жаңа нүктесіне айналып келе жатқанын ерекше атауда. Жаңа өндірістердің ашылуы, экспорт көлемінің артуы, ауыл шаруашылығындағы озық технологиялардың енгізілуі және туризм саласындағы серпінді жобалар өңірдің әлеуетін жаңа деңгейге көтеруде. Соңғы жылдары облыста жүзеге асқан индустриалды жобалар, заманауи кәсіпорындар мен өндіріс орындары өңір экономикасына тың серпін берді. Бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі нақты нәтижесін көрсетіп отыр. Соның арқасында кәсіпкерлер өз ісін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік алуда.

Кәсіпкерлердің айтуынша, Түркістан облысында қалыптасқан қолайлы инвестициялық ахуал мен инфрақұрылымдық даму өңірге шетелдік және отандық инвесторлардың қызығушылығын арттырған. Бүгінде аймақта агроөнеркәсіп, құрылыс индустриясы, қайта өңдеу саласы, логистика және туризм бағытында ірі жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өңірде кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Бүгінде аймақта жүзеге асып жатқан ірі инвестициялық жобалар, жаңа өндіріс орындары мен заманауи бастамалар облыс экономикасына тың серпін беруде. Жергілікті кәсіпкерлер Түркістанның тек тарихи-рухани орталық қана емес, бизнес пен инновацияның жаңа нүктесіне айналғанын ерекше атап өтуде. Әсіресе агроөнеркәсіп, туризм, құрылыс және өндіріс салаларындағы ерекше жобалар өңірдің әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік жасап отыр.
Кәсіпкерлер мемлекет пен облыс әкімдігі тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылықтарын білдіріп, Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған ауқымды жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екендерін айтады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде экономиканы әртараптандыру, отандық өндірісті дамыту, инвестиция тарту және импортты алмастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бірінші кезекте, республика және облыстың тауар айналымына, сондай-ақ өңірдің шикізаттық әлеуетіне кешенді талдау жүргізілуде. 2025 жылы өңірдің сыртқы тауар айналымы 3,5 млрд АҚШ долларына жетіп, өсім 34,6 %-ды құраған. Соңғы үш жылда экспорт көлемі 142%-ға ұлғайып, 2025 жылы 1,8 млрд АҚШ долларына жетті. Сыртқы саудада 5 негізгі стратегиялық серіктес мемлекеттер айқындалды. Олар: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Германия және Чехия елдері. Зерттеулердің нәтижесінде, өңір экономикасының сыртқы саудадағы құрылымында экспорттың негізгі үлесі өңделмеген бастапқы шикізат тауарларына тиесілі екенін байқадық. Талдау жұмыстары өңір экономикасының әлсіз тұстарын анықтауға және шикізаттық экспорттан жоғары өңделген, қосымша құны жоғары дайын өнім шығаруға көшу бойынша нақты стратегиялық шараларды қабылдауға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда инвесторларға тек жер телімін ұсынып қоймай, нарықтың сыйымдылығы, шикізат көлемі және қаржылық көрсеткіштері есептелген дайын жобалар ұсынып жатырмыз. Осыған орай, аудан және қала әкімдеріне дайын шикізаттық талдаулар мен бизнес-кейстерді негізге ала отырып, өз аумақтарына импортты алмастыратын инвестиция тарту тапсырылған. Осы орайда, өңірдің экономикалық тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету бағытындағы қарқынды жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.


