Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістан облысында жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік жұмыстары күшейтілген

22 мая, 2026
in Білім, Қоғам, Әлеумет
0
Түркістан облысында  жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік жұмыстары күшейтілген
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық білім басқармасы 2026 жылы кәмелетке толмағандардың арасындағы келеңсіз жағдайларды алдын алу бойынша бүгінде ұдайы, тоқтаусыз біршама жұмыстар атқаруда. Түркістан облысында Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу әдістері бойыншада түсіндірме жұмыстары жасалуда.  Нақтырақ айтсақ, биылғы жылдың  4 айдағы қорытындысы бойынша құқықбұзушылықтар өткен жылмен салыстырғанда 7 дерекке төмендеген.

Облыстық прокуратура және полиция өкілдермен бірлесіп, «Қауіпсіз — балалық шақ» жобасы аудан, қалаларда енгізіліп, жұмыстар  жүргізілуде. Жоба мақсаты — өңірдегі мектеп оқушыларының сапалы біліміне, тәлім-тәрбиесіне оң ықпал етумен бірге олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Аталған жоба туралы облыс прокурорының орынбасары Даулет Тлемисовпен әлеуметтік желілерде «Тікелей эфир» ұйымдастырылып, білім беру ұйымдарындағы 200 мыңға жуық бала қатысқан.

Тікелей эфир арқылы балалардан түскен сұрақтарға талдау жасалып, тиісті жауаптар берілді. Облыстағы 1116 білім беру ұйымдарында отбасылық қарым-қатынасты нығайту мақсатында полиция өкілдерінің қатысуымен ата-аналар жиналыстары өткізіліп тұрады.

Бұдан бөлек, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өзекті бағыттар» тақырыбында аудан қаладан тағайындалған балалар омбудсмендерімен кездесуі өтті.

Полиция департаментімен бірлесіп, «Болашаққа мүмкіндік – Жаңа Өмір» және «Тәрбиелі жастар – Қауіпсіз қоғам» атты өңірлік маңызы бар ірі форматтағы форумдар ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, Халықаралық Қазақ-түрік университетімен буллингті алдын алу мақсатында «Aiajan» жобасын пилот түрінде өткізу үшін облыстық білім басқармасымен меморандум түзілген. Балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша 1 143 білім беру мекемелерінде 111 QR коды (кіре берістерде, сыныптарда, дәретхана, хол т.б) көрінетін жерлерде орналастырылып, қиын жағдайға тап болған кез-келген оқушы психологиялық жәрем алуында қол жеткізуіне мүмкіндік алып отыр.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін «Сенім телефонына» жалпы 142 өтініш келіп түскен. Барлық келіп түскен өтініштер бойынша қолдау жұмыстары толық жүргізілген.

Сонымен қатар, зорлық-зомбылық бойынша биылғы жылы кәмелетке толмағандардың арасындағы келеңсіз жағдайларды алдын алу бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар өткен жылдың 2 айымен салыстырғанда 9 дерекке төмендеп отыр. «ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» Орта білім беру ұйымдарында оқушыларды жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу бойынша «ДосболLIKE» бағдарламасының аясында мемлекеттік 938 білім беру ұйымдарына толық енгізіліп, 17 аудан, қалалық білім беру ұйымдарының директорлары, тәрбие орынбасарлары, педагог-психологтарды семинар-тренингтер арқылы оқыту жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда балалардың құқықтарын қорғау саласында заңнамалық базаны жетілдіру және мемлекеттік бақылау тетіктерін күшейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта 3 заң және 11 нормативтік құқықтық акт қабылданып, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған бақылау шаралары күшейтілген. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы кодексіне біршама өзгерістер енгізілген.

Яғни, «127-3-бап кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау заңнамаларымен толықтырылды.

Білім беру ұйымдары және баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының және Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы талаптарын;

Баланы жәбірлеу (булинг) туралы ақпаратты қабылдау және баланы жәбірлеу (буллинг) белгілірін анықтау жөніндегі әрекеттерді жүзеге асыру және оларға ден қою тәртібін сақтамау;

Зорлық-зомбылыққа және қатыгездікпен қарауға және жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған және зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсетпеу;

Қадағалаусыз және панасыз қалған балаларға және арнаулы білім беру ұйымдарына жәбірленетін балаларға және әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға арналған білім беру ұйымдарына жіберілетін жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиісті құжаттар бермеу түрінде жасаған бұзу – Отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Түркістан облысы әкімдігі тарапынан кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ЯСАУИ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ

Келесі жаңалық

РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕЙТІН «ТҮРКІСТАН МАҚАМДАРЫ» ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі