Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕЙТІН «ТҮРКІСТАН МАҚАМДАРЫ» ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

22 мая, 2026
in Жаңалықтар, Әлеумет
0
РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕЙТІН «ТҮРКІСТАН МАҚАМДАРЫ» ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Отырар ауданындағы аудандық мәдениет сарайында республикалық «Түркістан мақамдары» термешілер байқауы жоғары деңгейде өтті. Елдің түкпір-түкпірінен келген жыршы-термешілер ұлттық өнерді дәріптеп, рухани құндылықты айшықтап, сөз құдіретін насихаттады.

Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық тәрбиені, халықтық өнерді насихаттау, тіл мәдениетін дамыту, дәстүрлі ән-терме өнерін дәріптеу, ұмыт бола бастаған шығармаларды жаңғырту, жас орындаушылардың шығармашылығын шыңдау және өнер иелері арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.

Терме – қазақтың поэзиялық әрі музыкалық дәстүрлерінің бірі ретінде тек рухани тәрбие құралы ғана емес, сонымен қатар психологиялық және әлеуметтік функцияларға да ие болған. Терме арқылы халық өзіне жақын тұлғаларға кеңес беру, моральдық-этикалық нормаларды жеткізу, қиындықтарды жеңуге мотивация беру мақсатында қолданған. Бұл әсіресе, қазақ даласындағы көшпелі өмір салтына бейімделуге әсер еткен.

Өнер додасына қатысушылар дәстүрлі терме орындаудағы шеберліктерін көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Қазылар алқасының шешімімен байқаудың Бас жүлдесі Лес Ернұр  (Түркістан облысы) иеленсе, І орын Қуаныш Алғазиев (Қызылорда облысы) марапатталды. ІІ орын Нұрәли Есхат (Жетісу облысы) пен ақмолалық Есімхан Жасұланға бұйырды. Ал ІІІ орынды қызылордалық Сырсұңқар Базарбайұлы, павлодарлық Базарбай Азамат және түркістандық Сатыбалды Мағжан өзара бөлісті.

Сонымен қатар арнайы жүлделер де табысталды. Атап айтқанда, Құлыншақ Кемелұлы атындағы арнайы жүлде Ергат Тәжібаев, Майлықожа Сұлтанқожаұлы атындағы арнайы жүлде Серікбай Ықылас, ал Қызыл Жырау атындағы арнайы жүлде Айдана Шымболат иеленді.

Айта кетейік, өнер сайысы ұлттық құндылықты, руханиятты ұлықтап, дәстүрлі терме өнерінің мәртебесін арттыруға зор үлес қосты. Терме тек поэзиялық және музыкалық стильде ғана емес, әртүрлі аймақтарда орындалу мәнері мен тақырыптары бойынша да ерекшеленген.

Терме — қазақ халық поэзиясында қалыптасқан лирикалық өлең түрі. Ғибраттылық мәні бар моральдық идеялар тұрғысынан әр нәрсені теріп айтып, бір нәрседен екінші нәрсеге еркін ауысып отыру термеге тән қасиет. Ол нақыл сөз үлгісінде құрылып, әдетте өнегелі. Нұсқалы сөздердің тізбегіндей болып келеді. Ырғақтық құрылысы жағынан жеті-сегіз буынды жыр үлгісінде айтылады. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында жедел қарқынмен дами басталы. Терме пішіні мен мазмұны толғауға біршама жақын. Толғауда қоғамды-әлеуметтік сарындар басым болса. Термеде көбіне күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты жәйттер сөз болады. Сөздің мағынасы, әсерлілігі, ырғағы ширақ келуі қандай маңызды болса, әуеннің, аспаптық сүйемелдің де үлкен мәні бар. Терме сөзді айқын, анық жеткізуге лайық қысқа қайырылатын, жеңіл желдірмелі әуенмен айтылады. Терме, термелеп айту дегеннің өзі жырды — өлеңді жеңіл әуенмен айту, орындау тәсілін де көрсетеді. Осы кеңірек мағынасында термелеп айтқан жыр, өлең термешілік өнер қатарында қаралады. Терме — қазақпен қатар, қарақалпақ, қырғыз, өзбек халық шығармашылығында да тарихи орны бар жанрлық қазақстанның батыс аймағы мен Сыр бойында терме дәстүрі әсіресе мол дамыған. Халықтық дәстүрлер негізінде қазіргі кезде терме айтыс өнері қайтадан жаңғырып, жандана түсті. Термешілік өнердің кең құлаш жаюына теледидар, радио, ақындар айтысының өткізілуі зор мүмкіндік туғызып отыр.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және Қазақстан Халық банкі демеушілігімен жүзеге асатын «Халық әуені» жобасы 21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні бастау алады. «Халық әуені» –  ұлттық өнер мен рухани мұраны насихаттауға бағытталған мәдени жоба. Бастаманың негізгі мақсаты – дәстүрлі және заманауи өнердің үздік үлгілерін ел өңірлеріне кеңінен таныстырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтау.

Жоба аясында жетекші шығармашылық ұжымдар еліміздің 17 өңірін аралап, шалғай елді мекен тұрғындарына арнайы концерттік бағдарламалар ұсынады.

Түркістан облысында мәдени кештер:

21 мамыр – Шәуілдір ауылы

22 мамыр – Арыс

23 мамыр – Темірлан ауылы

елді мекендерінде өткізу жоспарлануда.

Көпшілікті «Халық әуені» жобасы аясындағы мәдени кештерге қатысуға шақырамыз!

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік жұмыстары күшейтілген

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЛЫП КИІЗ ҮЙДЕ САММИТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ МЕН ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі