Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Ауыл халқы көптен күткен нысан пайдалануға берілді.

27 мая, 2026
in Әлеумет, әлеуметтік-экономикалық даму
0
Ауыл халқы көптен күткен нысан пайдалануға берілді.
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі облыс басшысы Нұралхан Көшеровтың қатаң бақылауына алынған. Осындай қарқынды жұмыстар халық игілігіне пайдаланатын бірнеше заманауй ғимараттармен айқын көрінуде. Соның тағы бірі, Мақтаарал ауданына қарасты Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіндегі халықтың әлеуметтік дамуына бағытталған 550 тұрғыны бар Өркен ауылында заманауи кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасының ашылу салтанаты өтті. Ауыл халқы көптен күткен нысанның пайдалануға берілуі тұрғындар үшін ерекше қуанышқа айналды.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Өз сөзінде Бижан Шералыұлы шағын ғана ауыл болғанымен, Өркен елді мекенінде халықтың жайлы өмір сүруі үшін барлық қажетті жағдай жасалғанын атап өтті. Әлеуметтік-экономикалық дамуы күн сайын алға жылжып келеді. Атап айтқанда, ауылда мектеп, балабақша, табиғи газ, ауыз су, жол секілді негізгі инфрақұрылым толық тартылған. Енді, міне, әлеуметтік бағытта балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен тұрақты түрде шұғылдануына мүмкіндік беретін жаңа спорттық нысан іске қосылып отыр. Жаңа нысан бірнеше бөліктен тұрады. Атап айтсақ, тұрғындар үшін заманауи талапқа сай қоршалған кіші футбол алаңы салынған. Жасанды көгал төселген алаң кешкі уақытта да пайдалануға қолайлы болуы үшін жарықтандыру жүйесімен жабдықталған. Сонымен қатар мұнда волейбол алаңшасы да бар.  Балаларға арналған түрлі ойын құрылғылары орнатылып, сырғанақтар, әткеншектер, өрмелеу және жаттығу нысандары қойылған. Спортпен шұғылданушылар үшін воркаут алаңы қарастырылып, тұрғындардың демалып, уақыт өткізуіне арналған орындықтар мен көлеңкелі шатырлар орнатылған. Алаң аумағы толық абаттандырылып, жаяу жүргіншілер жолы төселген. Бұл нысан ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануына және балалардың қауіпсіз ортада ойнауына үлкен мүмкіндік береді. Салтанатты шара барысында ауыл тұрғындары қуаныштарын жасыра алмай, елді мекенге жасалып жатқан игі істер үшін ризашылықтарын білдірді. Ақсақалдар ауыл балалары үшін мұндай нысандардың маңызы зор екенін айтып, игі бастамаларға қолдау білдірді. Сондай-ақ А.Тұяқбаев атындағы жалпы орта мектептің 2006 жылғы түлектерінің 20 жылдық кездесуіне орай ауыл жастарының арасында кіші футболдан турнир өтіп, ауыл тұрғындарына ас берілді.

Айта кетейік, жаңа спорт және ойын алаңшасы төртінші деңгейлі бюджет қаражаты есебінен Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімдігі тарапынан салынды. Жоба ауыл тұрғындарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылып, бүгінде көпшіліктің игілігіне табысталды.

Айта кетейік, 2025 жылы облыс экономикасына 1,7 трлн теңгеге инвестиция тартылып, өсім 121,6%-ды құрады.  Өткен жылы жалпы құны 340 млрд теңгені құрайтын 58 инвестициялық жоба іске қосылып,  8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл да осы қарқынды сақтап, облысқа  1,7 трлн теңге инвестиция тарту көзделген. Бұл көрсеткішке жалпы құны 369 млрд теңгені құрайтын 67 инвестициялық жобаны жүзеге асыру есебінен қол жеткізіледі. Атқарылған жұмыстар өңірдің макроэкономикалық даму динамикасына тікелей оң әсерін тигізді.

Айта кетейік, Соңғы жылдары Түркістан облысында жүйелі басқару, ашықтық пен тиімді диалог принциптері орнығып, қоғамдық-саяси өмірде айтарлықтай ілгерілеу байқалуда. Бұл халықтың мәселесіне жедел ден қою, стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруда үлкен рөл атқаруда. Облыс әкімдігі мен жергілікті атқарушы органдардың, тиісті сала мамандарының бірлескен жұмысы ел Президенті қойған міндеттерге сай, Түркістанды тұрақты әрі дамыған өңірге айналдыру жолындағы нақты қадамдардың көрінісі саналады.

 

 

 

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУҒА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛГЕН

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН МЕН ГУЙЧЖОУ ПРОВИНЦИЯСЫ АРАСЫНДА БАЙЛАНЫС ОРНАТЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі