Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУҒА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛГЕН

27 мая, 2026
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУҒА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛГЕН
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда. Өңірде түрлі жобалар қолға алынып, іске асырылуда. Соның тағы бірі, Түркістан облысында 300 МВт қуатты фотоэлектрлік-энергия сақтау (ФЭС және ЭСЖ) жобасының алғашқы партиясының қадалы іргетасын құю салтанатты рәсімі өтті. Бұл оқиға жобаның негізгі құрылыс кезеңіне толықтай көшкенін айқындады. Іс-шараға және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «China Energy Overseas Investment Co., Ltd.» компаниясы бас директорының орынбасары Хэ Сюнфэй және инвесторлар, энергетика саласының өкілдері мен жауапты мекеме басшылары қатысты.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде «жасыл» экономиканы дамытуға және жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыруға ерекше мән беріп отырғанын атап өтті.

– Өткен жылдың желтоқсан айында осы жобаның іргетасын қалап, капсула салу рәсімін бірге өткізген болатынбыз. Бүгін құрылыс жұмыстарын ресми түрде бастап отырмыз. Түркістан облысының табиғи-климаттық жағдайы  баламалы энергия көздерін дамытуға өте қолайлы. Қуаттылығы 300 МВт болатын бұл күн электр станциясы өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын нығайтып қана қоймай, халықаралық инвесторлар үшін облыстың инвестициялық тартымдылығын арттыра түседі деп сенемін. Сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік-экономикасын дамыту бағытында да бірқатар жүйелі жұмыстар қолға алынуда – деді Нұралхан Көшеров.

Облыс басшысы жобаның жүзеге асуына облыс әкімдігімен қатар, Үкімет пен тиісті министрліктер тарапынан да жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді. Сонымен бірге бұл бастама Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің нақты нәтижесі екенін атап өтті.

Кездесу барысында «China Energy Overseas Investment Co., Ltd.» компаниясы бас директорының орынбасары Хэ Сюнфэй  іргетасты құю – Қытай мен Қазақстан арасындағы «жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастықтың маңызды кезеңі екенін атап өтті. Болашақта компания «Самұрық-Энерго» АҚ сияқты серіктестермен бірлесе отырып, құрылысты жоғары стандарттарға сәйкес жүргізуге күш салатынын мәлімдеді.

«Qazaq Green Power PLC» жобалық кеңсесінің жетекшісі Асқар Амиртаев және өзге де жауапты тұлғалар жұмыс барысын баяндап, жобаға қолдау көрсеткен облыс әкіміне ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, өңірдің әлеуетін арттыратын аталған маңызды жобаның уақыт капсуласы өткен жылдың желтоқсан айында салынған болатын. Содан бері жер жұмыстары толық атқарылып, күн электр станциясының кеңсе, жатын орын, қойма ғимараттары салынды. Ал бүгін негізгі қондырғыларды орнату жұмысы басталды.

Түркістан облысындағы 300 МВт қуатты фотоэлектрлік-энергия сақтау жобасының жалпы инвестиция көлемі шамамен 307 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл – ШЫҰ саммитінен кейін қол қойылған Қытай мен Қазақстан үкіметаралық негіздемелік келісімі аясында іске қосылатын алғашқы жоба. Құрылыс кезеңінде 500-дей жұмыс орны ашылып, өңірдің экономикасы мен өнеркәсібінің дамуына нақты серпін береді. Іске қосылғаннан кейін станция жыл сайын шамамен 674 миллион киловатт-сағат таза электр энергиясын өндіреді деп күтіліп отыр. Осы арқылы өңірдің энергетикалық балансының құрылымын жақсартуға айтарлықтай үлес қосып, Қазақстанның «жасыл» энергетикадағы үлесін арттырмақ. Өңірдің әлеуметтік-экономикасын дамытуға зор серпін болмақ. Айта кетейік, Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен барлық аудан, қалада өндірістік парктер салынып жатыр. Мақсат – жұмыс орындарын көбейту. Өңірдің әлеуметтік-экономикасын жоғарғы деңгейге көтеріп, әлеуетін арттыру.

Сонымен қатар, Түркістан облысында әлеуметтік-экономиканы көтеріп, инвесторларды қолдау және жобалардың жедел жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарда инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген дайын өндірістік алаңдар салынған. Бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймақтарда жалпы құны 976,4 млрд теңгеге, индустриялды аймақтарда 132,3 млрд теңгеге инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.  Сонымен қатар аудандар мен қалаларда 214 гектар аумаққа шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 25 шағын өндірістік алаң құрылды. Бұл аймақтарда 192 млрд теңгенің инвестициялық жобалары іске асырылуда. Нәтижесінде, 5 218 жұмыс орны құрылмақ. Осы бастама аясында өңірдің барлық аудандарында 258 өндірістік ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта да өңірде экономиканы қарқындата түсетін бірқатар маңызды жобалар легі жалғасын таба бермек.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҮЛЕКТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА!

Келесі жаңалық

Ауыл халқы көптен күткен нысан пайдалануға берілді.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі