Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік – экономиканы дамыту басты міндет!

4 июня, 2026
in Қоғам, Әлеумет, әлеуметтік-экономикалық даму
0
Халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік – экономиканы дамыту басты міндет!
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында экономиканы әртараптандыру, отандық өндірісті дамыту, инвестиция тарту және халықты баспанамен қамту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның аясында, ҚР Мемлекеттік рәміздер күні Түркістан қаласында 512 отбасы, яғни 3 мыңнан астам адам баспаналы болды. Ал, былтыр облыс көлемінде 3564 азаматқа пәтер кілті табысталды. Түркістандық тұрғындардың қуанышын бөлісуге арнайы барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстап, ізгі тілегін жеткізді.

– Баршаңызды бүгінгі жүректі тебірентер қуанышты сәтпен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – жүздеген отбасының көптен күткен арманы орындалған ерекше мереке. Қазақ халқы «Үйі бардың – күйі бар» дейді. Расында, баспана – әр отбасының бақыты мен берекесінің, тұрақтылығы мен тыныштығының негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік – экономиканы дамыту мен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуді үнемі басты міндет ретінде белгілейді. Осы міндеттерді жүйелі жүзеге асырудың нәтижесінде өңірімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып, әлеуметттік жағдайымыз артып, мыңдаған азаматтың тұрғын үй мәселесі шешімін табуда. Былтыр тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 3564 пәтер берілсе, осы жылы 2292 пәтер беруді жоспарлап отырмыз. Бүгін тағы да 512 отбасының қуанышы еселеніп отыр. Бұл үйлердің жайлы әрі көрікті болуы тұрғындардың өздеріне байланысты. Сондықтан баршаңызды ауланың тазалығын сақтауға, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырамын. Өйткені дәл осы аулада өз балаларыңыз өсіп, тәрбиеленіп, алаңсыз ойнайды. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдап, туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне әрқайсымыз үлес қосуымыз қажет. Шаңырақтарыңыздан шаттық пен береке кетпесін! Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! – деді Нұралхан Оралбайұлы.

Қаладағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінде қоныс тойын тойлап жатқан отбасылардың қатарында әлеуметтік осал топ және көпбалалы отбасылар бар. Айта кетейік, 2025 жылғы 24 мамырдан бастап күшіне енген тұрғын үй заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу, кезектілігін жүргізу және тұрғын үйлерді бөлу функциялары «Отбасы банк» АҚ-ға берілді. Бүгін баспана кілтін алған тұрғындар – жаңа тәртіп бойынша «Отбасы банк» арқылы іріктеліп, жолдама алған алғашқы азаматтар.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Созақ ауданы орталығындағы Жеткіншек ықшам ауданында 29 отбасыға жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды. Жаңа баспаналар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар мен көпбалалы отбасыларға берілді. Қоныс тойының қуанышын бөлісуге аудан тұрғындары, ардагерлер қатысты. Іс-шарада аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жаңа пәтер иелерін құттықтады. Баспананың әрбір отбасы үшін ерекше маңызға ие екенін және бұл бағыттағы жұмыстар алдағы кезеңде де жалғасарын атап өтті.

– Баспана – әр шаңырақтың берекесі мен бақытының бастауы. Бүгінгі қоныс тойы – мемлекетіміздің әлеуметтік қолдау саясатының нақты нәтижесі. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, әлеуметтік – экономиканы дамыту мен тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруды мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде белгілеп келеді. Соның нәтижесінде ауданымызда әлеуметтік жағдай артып, экономикамыз жоғарылап,  тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда, – деді аудан басшысы.

Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев ізгі тілегін білдіріп, жаңа қоныс иелеріне амандық пен бақ-береке тіледі. Баспана иелері мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін ризашылықтарын білдіріп, қуаныштарын жиналған жұртшылықпен бөлісті.

Айта кетейік, қазіргі таңда тұрғын үй кезегіне қою және тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды іріктеу жұмыстары қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Отбасы банк» АҚ-ның бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй алушылар азаматтардың мәртебесі, тұрғын үйге мұқтаждық деңгейі және кезектегі орны негізінде айқындалады. Бүгінде Жеткіншекте тұрғын үй құрылысы қарқынды жалғасып жатыр. Қазіргі таңда пайдалануға дайын тағы 47 пәтер бар. Құжаттандыру рәсімдері аяқталған сайын бұл баспаналар да кезең-кезеңімен өз иелеріне табысталмақ. Сонымен қатар 20 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның еншілес ұйымдарының демеушілігімен жаңғырту бағдарламасы аясында 16 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүзеге асырылып жатыр.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІ БИЗНЕСМЕНДЕРДІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: «БАЛАУСА» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ ЖАЗҒЫ МАУСЫМЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі