Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Рухани құндылық

ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЛЕЛІ КЕҢЕС ӨТТІ

11 июня, 2026
in Рухани құндылық, Қоғам, Әлеумет, әлеуметтік-экономикалық даму
0
ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЛЕЛІ КЕҢЕС ӨТТІ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласы бүгінде халық санының өсуі, инвестиция тарту, құрылыс көлемі, туризм және өнеркәсіп көрсеткіштері бойынша еліміздегі ең серпінді дамып келе жатқан қалалардың бірі. Қаланың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жыл сайын артып, жаңа жұмыс орындары мен инфрақұрылымдық жобалар арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасы жақсаруда.

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Ақжайық» музыка мектебінде қаланың ардагерлері және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында қала әкімі ақсақалдарға құрмет білдіріп, олардың Түркістанның өсіп-өркендеуіне, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың нығаюына, рухани  құндылықтарды дәріптеп, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беруге қосып келе жатқан сүбелі үлестерін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалар мен алдағы кезеңге жоспарланған бастамалар жөнінде жан-жақты баяндады. Қала басшысы Түркістанды дамыту жолындағы жұмыстарда ел ағаларының ақыл-кеңесі мен өмірлік тәжірибесінің маңызы зор екенін жеткізді. Жиын барысында ардагерлер мен зиялы қауым өкілдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қала өміріндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасу өтті. Өз кезегінде қала әкімі көтерілген бастамалар мен орынды ұсыныстар алдағы жұмыстар барысында жан-жақты қаралып, тиісті деңгейде назарға алынатынын атап өтті.

Айта кетейік, Түркістан қаласы соңғы жылдары әлеуметтік — экономикасы қарқынды дамып келе жатқан өңірлік орталықтардың біріне айналды. Қалада халық санының өсуі, инвестиция тарту, құрылыс, туризм және өнеркәсіп салаларында тұрақты өсім байқалуда.  2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 526,3 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 16,3%-ға артты.  2024 жылы бұл көрсеткіш 452,6 млрд теңгені құраған болатын.  Қала облыс орталығы мәртебесін алғалы жалпы өңірлік өнім көлемі 4,5 есеге өскен.  Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 502,7 млрд теңгеге жетті. Соңғы төрт жылда қала экономикасына 1,3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған.  Қаладағы арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарда ондаған жаңа өндірістік жобалар жүзеге асырылуда.   Өнеркәсіп өнімінің көлемі 45,9 млрд теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 29 млрд теңгеге жетті.  Өндірістік аймақтарда құны 225 млрд теңгеден асатын 50-ден астам жоба іске асырылуда.  Экономикалық белсенді халық саны 83 мыңнан асты. Жұмыспен қамтылғандар саны 80 мыңға жуық. Инвестициялық жобалар аясында алдағы жылдары 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.  Туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 61,9 млрд теңгеге жетті.  Қалаға келетін туристер саны жыл сайын артып келеді.

Сонымен қатар, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының бастамасымен қала мектептерінде оқушыларға тарихи-танымдық фильмдерді көрсету жобасы қолға алынған. Бұл бастама жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға, ел тарихын тереңірек танып-білуіне бағытталған. Осы жоба аясында Түркістан қалалық «Мәдениет үйінде» мектеп оқушыларына «Жаужүрек мың бала» тарихи көркем фильмі ұсынылды. Кино көрсетілімге Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов және қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев қатысып, оқушылармен бірге тамашалады. Ұлттық құндылықты көтеретін, батырлар ерлігін дәріптейтін және салт-дәстүрімізді насихаттайтын мұндай тарихи фильмдерді жүйелі түрде көрсету алдағы уақытта қаладағы барлық білім беру ұйымдарында жалғасын табады.

Алдыңғы жаңалық

ҚЫТАЙ САПАРЫ: ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫҢ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

Келесі жаңалық

АЛМАС САЛИМОВ САРЫАҒАШ АУДАНЫНА ӨЗІНДІК ҮЛЕС ҚОСТЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі