Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АЛМАС САЛИМОВ САРЫАҒАШ АУДАНЫНА ӨЗІНДІК ҮЛЕС ҚОСТЫ.

12 июня, 2026
in Жаңалықтар, Рухани құндылық
0
АЛМАС САЛИМОВ САРЫАҒАШ АУДАНЫНА ӨЗІНДІК ҮЛЕС ҚОСТЫ.
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданының сәулеттік келбетін айшықтап, өңірдің ажарын аша түсетін жаңа кіреберіс төлқұжат ел игілігіне пайдалануға берілді. Қазығұрт ауданымен шектесетін аумақта бой көтерген бұл нысан ауданның өзіндік келбетін танытып, қонақтарды қарсы алатын маңызды символдық орынға айналды. Бұл жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылды. Ауданның көркеюіне бағытталған игі іске Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Алмас Алтайұлы Салимов демеушілік жасап, туған жердің дамуына өзіндік үлесін қосты. Жиналған жұртшылық демеушінің өңірге деген жанашырлығы мен азаматтық ұстанымына жоғары баға берді.

Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Іс-шара барысында ауданның Құрметті азаматтары Әбілқасым Досболов пен Мұстапа Сүлейменов, сондай-ақ Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов сөз сөйлеп, жаңа нысанның аудан үшін маңызы зор екенін атап өтті. Олар бұл бастама Сарыағаштың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен сәулеттік келбетінің жаңаруына серпін беріп, ауданның мәртебесін арттыра түсетінін жеткізді.

Салтанатты іс-шара аясында қатысушылар жаңа нысан маңына ағаш көшеттерін отырғызып, ауданның жасыл желегін көбейтуге атсалысты. Бұл игі іс қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың жалғасы болды.

Алдыңғы жаңалық

ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЛЕЛІ КЕҢЕС ӨТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ МҰХИТ ӘЛЕМІ КЕШЕНІ САЛЫНУЫ МҮМКІН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі