Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

Түркістан өңірі экономикаға серпін беретін, жаңа жұмыс орындарын ашатын жобаларды қолдауға дайын.

16 июня, 2026
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
Түркістан өңірі экономикаға серпін беретін, жаңа жұмыс орындарын ашатын жобаларды қолдауға дайын.
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан өңірі экономикаға серпін беретін, жаңа жұмыс орындарын ашатын жобаларды қолдауға дайын. Осы бағытта Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытайдың Shaanxi Silk Road City Holding Group Co., Ltd. компаниясының бас директоры Юань Чжао Хуэймен және компанияның Қазақстандағы филиалының өкілдерімен кездесті. Кездесуде өңірде жылыжай кешендерін әртараптандыру, гүл шаруашылығын дамыту және көгалдандыру бағытындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Тараптар жергілікті шаруалармен бірлесіп жұмыс істеу, өңірді көгалдандыруға қажетті гүлдер мен сәндік ағаш көшеттерін өсіру, сондай-ақ заманауи жылыжай технологияларын енгізу мүмкіндіктерін қарастырды.

Облыс әкімі ұсыныстар жіті зерделеніп, тиімді жобаларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

– Бүгінгі біз экономикалық дамуға басымдық беріп отырмыз. Себебі барлық мәселе қаржыға, экономикаға барып тіреледі.  Біз ең алдымен өзін-өзі толық қамтитын өңірге айналуымыз керек. Ел Президенті шикізат шығарушы ғана емес, терең өңдеу саласы дамыған елге айналу міндетін жүктеді. Осы бағытта жұмыс істеп келеміз. Импортты алмастыру бағытында зерттеулер жүргізіп, нақты жоспарлар жасадық. Өндірістік парктер салынып жатыр. Бұл парктер енді аудан, қала ғана емес, ауылдарға да салынады. Ауыл шаруашылығында да жаңа технологиялар, тың тәсілдер енгізіліп жатыр. Ең бастысы – бізде еңбекқор халқымыз, барлық саланы дамытуға қолайлы жағдай, мүмкіндік бар. Жақында Қытай еліне жұмыс сапарымен барып, бірқатар инвесторлармен келіссөздер жүргіздік. Бүгінде өңірде әлеуметтік – экономикалық бағытта өзара әріптестік байланыстар нығайып келеді. Біз өңір экономикасына серпін беретін, жаңа жұмыс орындарын ашатын жобаларды қолдауға дайынбыз. Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол. Өңірді көгалдандыруға қажетті гүлдер мен ағаш түрлерін өсіруді ұсынамын. Жергілікті шаруалармен байланыс орнатуға көмектесеміз. Сынақ кезеңі сәтті аяқталған жағдайда жобаны кеңейтуге қолдау көрсетіледі, – деді Нұралхан Көшеров.

Кездесу барысында инвесторлар Түркістан облысында гүл шаруашылығын дамытуға қызығушылық танытып отырғандарын жеткізді. Қазіргі таңда компания Сарыағаш ауданында бұталы раушан гүлдерін тәжірибелік негізде егу жұмыстарын бастап кеткен. Алғашқы сынақ нәтижелері оң болған жағдайда жоба аясын кеңейтіп, гүл өсірілетін алқап көлемін 20 гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Компания өкілдерінің айтуынша, өндірілетін гүл өнімдеріне Орталық Азия елдері мен Ресей нарығында сұраныс жоғары. Осыған байланысты Түркістан облысында экспортқа бағдарланған өндірісті дамытуға мүмкіндік бар.

Кездесу қорытындысында компания өңірдің климаттық ерекшеліктеріне бейімделген гүлдер мен сәндік ағаштардың бірнеше түрін сынақ ретінде отырғызуды бастайтын болды. Сынақ кезеңінің нәтижелері оң болған жағдайда жобаны одан әрі кеңейту және әкімдік тарапынан қолдау көрсету мәселелері қарастырылады.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысы Қытай аумағында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, автожол салу және өңірде логистикалық орталық құру жобаларының маңыздылығы айтылды. Қытай тарапы аталған бастамаларға қатысуға қызығушылық танытып, ұзақ мерзімді серіктестікке дайын екенін жеткізді. Бүгінде Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция көлемі бойынша Қытай көшбасшы үштікке кіретін елдердің қатарында. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 48,7 млрд АҚШ долларын құрап, оның ішінде экспорт – 19 млрд, импорт – 29,7 млрд АҚШ долларына жетті. Түркістан облысының осы көрсеткіштегі үлесі 684,3 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 102 млн, импорт – 582,3 млн). Түркістан облысында 218 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі, сондай-ақ 300-ден астам шетелдік қатысуы бар кәсіпорындар жұмыс істейді.

Өңір арқылы өтетін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалының негізгі бөлігін қамтамасыз етеді. Түркістан халықаралық әуежайы жылына 3 миллионға дейін жолаушы қабылдай алады. Облыс аумағында 21 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Сонымен қатар инвесторлар үшін жеңілдетілген шарттармен өндірістік алаңдар ұсынылатын шағын өнеркәсіптік парктер дамытылуда. Арнайы экономикалық аймақ «TURKISTAN» аясында 35 басым бағыт бойынша жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік қарастырылған. Резиденттер салықтық және кедендік жеңілдіктерге ие. Тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілік білдіріп, нақты инвестициялық жобаларды бірлесіп пысықтауға уағдаласты. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы жоғары деңгейдегі сенім мен стратегиялық серіктестік өңірлік экономикалық интеграцияны тереңдетуге және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасап отыр.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА САЛЫНАТЫН ЖАҢА ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ ӨНДІРІСТІҢ ӨРКЕНДЕУІНЕ СЕРПІН БЕРДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі