Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

ТҮРКІСТАНДА САЛЫНАТЫН ЖАҢА ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

15 июня, 2026
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАНДА САЛЫНАТЫН ЖАҢА ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен әлеуметтік-экономикалық даму бойынша өңірде салынатын ғимараттар мен жобалардың сәулеттік келбетін талқылауға арналған  кезекті жиын өтті. Мәжілісте Келес ауданы мен  Түркістан қаласында жүзеге асырырылуы жоспарланған  бірқатар бастамалар қаралды.

Жиын барысында 7 сәулеттік жоба таныстырылып, жас сәулетшілер өз ұсыныстары мен  идеяларын ортаға салды. Өңір басшысы әрбір жобаға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді. Ол сәулеттік талаптардың сақталуына, заманауи үрдістер үйлесуіне, сондай-ақ тұрғындар үшін қолайлы әрі сапалы орта қалыптастыруға баса  мән беру қажеттігін айтты. Өйткені барлық қолға алынған жобаларды жүзеге асыру өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуына тікелей әсер етпек. Сондықтан өңір басшысы аталған жобалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Кеңес отырысында Келес ауданында су спорт кешенін салу, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағын қоршау,  Түркістан  қаласында ауқымды іс-шараларды өткізетін Рәміздер алаңын салу, жол бойына жүк көліктеріне қызмет көрсететін орталығын ашу, футбол академиясын ашу секілді  жобалар талқыланды. Сондай-ақ туристерді тартуға бағытталған жоба ұсынылды.

Сонымен қатар Түркістан қаласындағы базар аумағында туристерге арналған жаңа нысандар ашу, Көне Арбаттың сәулеттік келбетін жаңғырту, қаланың туристік және ландшафтық тартымдылықты арттыру мақсатында өрік бағын орналастыру, туристік маршруттар жүйесін жетілдіру, саяхатшы паспорты мен  маршруттар картасын әзірлеу, туристерге қызмет көрсететін electroсar бағытын жаңарту бойынша ұсыныстар айтылды. Жоба аясында базар аумағын тек сауда орны ретінде емес, Түркістанның негізгі туристік нүктелерінің біріне айналдыру көзделіп отыр. Одан бөлек Тәуке хан даңғылын абаттандыру және қайта жаңғырту,  туристерге арналған жаяу жүргіншілер жолдарын салу, көшелерді  көріктендіру, қолданыстағы ғимараттардың сәулеттік келбетін жақсартып, оларды  туристер үшін тартымды ету мәселелері қаралып, тиісті ұсыныстар берілді.

Мәжіліс соңында Әкімшілік-іскерлік орталық аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан жобалардың жұмыс барысы  мен Түркі елдерінің  орталығын салу жобасы баяндалды. Аталған жобалар алдағы уақытта өңірдің экономикалық дамуына серпін бермек.

Алдыңғы жаңалық

САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

Түркістан өңірі экономикаға серпін беретін, жаңа жұмыс орындарын ашатын жобаларды қолдауға дайын.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі