Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Түркістан облысында экономикалық ахуалды жақсартумен бірге туризм саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

20 июня, 2026
in Әлеумет, әлеуметтік-экономикалық даму
0
Түркістан облысында экономикалық ахуалды жақсартумен бірге туризм саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласының облыс орталығы атанғанына 8 жыл толды.  Осы қысқа уақытта Түркістан облысы биік белестерді бағындырды.  Өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы жақсарып, дамудың даңғыл жолына түсті. Бүгінде тарихи шаһар мен берекелі өңірдің жаңа дәуірі басталғандай.  Әсіресе Түркістан облысында экономикалық ахуалды жақсартумен бірге туризм саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы ретте Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шаһардағы арбатқа арнайы барып, «KÖNE ARBAT» туристік маршутының жобасымен танысты.

Аталған нысан 0,98 гектар аумақты қамтиды. Жалпы ауданы – 8307,40 шаршы метр. Жоба туристер мен қала тұрғындарының жайлы демалуына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ кәсіпкерлік пен мәдени туризмді дамытуға бағытталған.

Жоба аясында арбат аумағы кеңейтіліп, коммерциялық нысандар, террасалар, автотұрақ салу және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Мәселен, іске асырылатын коммерциялық үй-жайлардың жалпы ауданы 1090,94 шаршы метр болса, террасалардың жалпы ауданы – 368 шаршы метр. Автотұрақ алаңы 4225 шаршы метр. Ал абаттандыру жұмыстары жүргізілетін аумақ көлемі 2283 шаршы метрді қамтиды. Сонымен қатар жаңа туристік кеңестікте көрме, кофехана, экспозициялық залдар, ашық қоғамдық алаң, реставрациялық шеберханалар, көлеңкесі бар демалыс аймақтар, мәдени іс-шаралар өткізуге арналған арнайы алаңдар қарастырылған.

Жоба сәулетшілері этномұражай салу ұсынысын да жеткізді. Бұл нысан мәдени жады мен заманауи сәулетті ұштастыратын берегей кеңістік ретінде жобаланған. Жоба Көне түрік дүниетанымындағы «Үш әлем» тұжырымдамасына негізделген. Су айдындары мен сәулеттік элементтер тарих пен қазіргі заман арасындағы үндестікті айқындап, келушілер үшін ерекше атмосфера қалыптастырады. Сондай-ақ жоба аясында заманауи креативті орталық салу ұсынысы да енгізілген.  Нысан Түркістанның мәдени мұрасын қазіргі сәулет тілі арқылы жаңаша түсіндіріп, шығармашылыққа білім беруге, қарым-қатынас пен креативті индустрияларды дамытуға арналған ашық кеңістік қалыптастырады.

Өңір басшысы жобалармен танысып, Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен туристік әлеуетін арттырудағы маңызын атап өтті. Сонымен бірге жауаптыларға жобаны жетілдіріп, тарихи сәулет үлгілерімен ұштастырып, жұмысты бекітілген мерзімде  аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, бүгінде Түркістанда Рәміздер алаңы бар «Астана» саябағының құрылысы жүріп жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс барысын қадағалап, жауапты басшылар мен мердігер компания директорына тапсырмалар берді.

– Жоба жоспарға сай жүзеге асырылуы керек. Көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары да сапалы атқарылсын. Жобалардың әрқайсысы уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуы тиіс. Туындаған кедергілерді созбалаңға салмай, жедел шешу қажет. Әр жоба – өңірдің әлеуметтік — экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына тікелей әсер етеді. Қатаң қадағалауда болады, – деді Нұралхан Көшеров.

Жалпы саябақ аумағына 20,2 гектар жер бөлінген. Онда Рәміздер алаңы, аллея салынып, жан-жағы жайқалған бақпен қоршалады. 12 мың шаршы метр аумақ көгалдандырылса, қатты жабындылар алаңы 32 мың шаршы метрден асады. 800-ге жуық автокөлік сиятын автотұрақпен қамтылады. Аталған аумақта 20 мың адамның қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізуге мүмкіндік қарастырылады.

Айта кетейік, Түркістан облысы соңғы жылдары Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің біріне айналды. Облыс экономикасының негізгі тіректері – ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, кәсіпкерлік және туризм салалары болып табылады.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында ауқымды жоба қолға алынбақ

Келесі жаңалық

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен экотуризмді дамыту мәселелері талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі