Воскресенье, 25 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен экотуризмді дамыту мәселелері талқыланды

21 июня, 2026
in Жаңалықтар, Әлеумет, әлеуметтік-экономикалық даму
0
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен экотуризмді дамыту мәселелері талқыланды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында әлеуметтік – экономикалық даму бағытында елді мекендерді, қалалар мен аудандарды әлеуметтік маңызы бар нысандармен, инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы тұста Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен экотуризмді дамыту мәселелерін талқылады

Нақтырақ айтқанда, Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экологиялық туризмді дамыту мәселелеріне арналған көшпелі кеңес өткізді. Іс-шараға 50-ден астам отандық және шетелдік әлеуетті инвестор қатысып, өңірде жүзеге асырылады деп жоспарланған экономикалық, инвестициялық жобалар талқыланды.

Кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірде әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту, экотуризмді дамыту, табиғи аумақтарды сақтай отырып туристік инфрақұрылымды жетілдіру және инвестиция тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ұлттық парктердің туристік әлеуетін тиімді пайдалану, халықаралық деңгейдегі экотуризм нысандарын қалыптастыру және тұрақты туризм қағидаттарын енгізу бағытындағы жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, бұл бастамалар өңірдің туристік әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті экономиканы дамытуға, әлеуметтік-экономиканы жақсартуға және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды.

Кездесу барысында «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағында жүзеге асырылады деп жоспарланған бірқатар инвестициялық жоба ұсынылды. Атап айтқанда, Біркөлік шатқалында экологиялық, отбасылық және белсенді туризмді дамытуға арналған демалыс аймағын салу жобасы таныстырылды. Сонымен қатар Қасқасу шатқалында туристік-рекреациялық кешен салу және Сайрамсу шатқалында туристік инфрақұрылым қалыптастыру жөніндегі бастамалар қаралды. Сондай-ақ Төлеби және Түлкібас аудандарында халықаралық стандарттарға сай туристік апарт-кешендер салу жоспарлары ұсынылды. Жобалар аясында апартаменттер, бутик-қонақүйлер, демалыс аймақтары, қоғамдық кеңістіктер мен сервистік нысандар салу көзделген.

Кеңесте KASKASU халықаралық тау шаңғысы кластерінің тұжырымдамасы да таныстырылды. Жоба Түркістан облысын Орталық Азиядағы жетекші тау туризмі орталықтарының біріне айналдыруға бағытталған. China Construction Sixth Engineering Bureau Corp. LTD компаниясымен бірлесіп жүзеге асыру жоспарланып отырған жоба аясында халықаралық стандарттарға сай тау-курорттық инфрақұрылым қалыптастыру көзделген.

Жоба шеңберінде туристік ауылдар, қонақүйлер, отбасылық демалыс аймақтары, спорт және ойын-сауық нысандары, сондай-ақ заманауи аспалы жолдар салу жоспарланған. Курорттың жыл бойы жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін инфрақұрылым қалыптастырылып, өңірдің туристік тартымдылығын арттыру көзделуде. Жобаның жалпы инвестициялық көлемі шамамен 172 млрд теңгені құрайды.

Кеңес қорытындысы бойынша Нұрлыбек Нәлібаев экотуризм табиғатты қорғау мен экономикалық дамуды ұштастыратын маңызды бағыт екенін атап өтті. Оның айтуынша, инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде құрылыс сапасына, экологиялық талаптардың сақталуына және белгіленген мерзімдердің орындалуына ерекше назар аудару қажет.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, экотуризм экономиканың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Бұл – табиғи байлығымызды сақтай отырып, оны ел игілігіне тиімді пайдалану жолындағы маңызды бастама. Сондықтан барлық ұсыныс мұқият зерделеніп, нақты есептелген әрі жүзеге асатын жобаларға басымдық берілуі тиіс. Біз бастамашыл және жауапты инвесторларды қолдауға дайынбыз. Ең бастысы – сапалы нәтижеге қол жеткізу және жобаларды уақтылы жүзеге асыру», — деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда инвесторлар жауапкершілігіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, әрбір жоба нақты міндеттемелер мен белгіленген мерзімдерге сәйкес орындалуы тиіс. Келісімшарт талаптары сақталмаған жағдайда жер учаскесі мемлекетке қайтарылады.

«Бізге әдемі эскиздер емес, нақты нәтиже қажет. Сондықтан әрбір жоба бойынша міндеттемелер мен жүзеге асыру мерзімі нақты белгіленуі тиіс. Егер инвестор өз міндеттемелерін орындамаса, жер мемлекетке қайтарылады», — деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жұмыс сапары барысында Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге тікұшақ арқылы «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағын әуеден шолып, табиғи және туристік әлеуетімен танысты. Табиғи экожүйені сақтау және туристік инфрақұрылымды, экономиканы  дамыту бағытындағы жұмыстар қаралды.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында экономикалық ахуалды жақсартумен бірге туризм саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Келесі жаңалық

ҚАУІПСІЗДІК – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі