Воскресенье, 25 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ҚАУІПСІЗДІК – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!

22 июня, 2026
in Білім, Қоғам, Әлеумет
0
ҚАУІПСІЗДІК – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп,  «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 — 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы» іске асыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.  Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланды.

Жиында Түркістан облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Жанаев баяндама жасап, тұжырымдаманы жүзеге асыру жөніндегі жоспар 5 негізгі бағыт пен 55 іс-шарадан тұратынын айтты. Оның ішінде Полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдарына іс-шараның 9 тармағы белгіленген.    «Заң мен Тәртіп» қағидаты негізінде  атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, есептік мерзімде, құқықбұзушылық  – 4,6 %-ға, қылмыс – 4,5 %-ға, сондай-ақ  қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар – 3,6 %-ға, оның ішінде көшеде жасалған қылмыстар – 1 %-ға  төмендеген. Нәтижесінде Түркістан облысы криминогендік ахуал бойынша республикадағы ең қауіпсіз өңір ретінде танылды.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға облыс бойынша  1236 қоғамдық көмекші тартылып, олардың қатысуымен 451 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 11 қылмыстың ашылуына ықпал жасады. Азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында биылғы жылы «Жолда қабылдау» акциясы 23 рет ұйымдастырылып, оған 120 маман жұмылдырылды.  Нәтижесінде 3 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралып, құқықтық кеңестер берілді.

Есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу мақсатында білім, қоғамдық даму, денсаулық сақтау басқармалары және «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе 883 профилактикалық іс-шара өткізілді. Сонымен қатар облыста  21 «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылып, онда 458 оқушы білім алуда. Облыс прокуратурасымен бірлескен «Қауіпсіз балалық шақ кепілі» жобасы аясында мектептерде құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған тұрақты профилактикалық сабақтар өткізілуде.  Мәжілісте Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Жанәбіл де баяндама жасап, тұжырымдаманы іске асыру бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарының нәтижелеріне тоқталды. Оның мәлімдеуінше, жыл басынан бері облыс көлемінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында 329 іс-шара өткізіліп, 30 мыңға жуық жас қамтылған. Сонымен қатар жастар арасында құқықбұзушылық, нашақорлық, лудомания, ерте жүктілік, буллинг, сталкинг және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағытында 956 психо-профилактикалық іс-шара өткізіліп,  оған 70 150 жас қамтылғанын айтты. Өңірде балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу әдістерін, хабардар болуын арттыру шаралары да жүйелі атқарылып келеді.

 

Жиынды қорытындылаған өңір басшысы Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, нашақорлықпен, лудоманиямен және интернет-алаяқтықпен күрес бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ барлық жауапты мемлекеттік органдар мен мүдделі мекемелердің өзара іс-қимылын күшейтіп, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында белгіленген міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмыстарды жандандыруды жүктеді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

 

Айта кетейік, мұндай қауіпсіздік шаралары өңірдің барлық қала, аудандарында ұдайы атқарылып келеді. Суицидтік мінез-құлық ешқашан бір ғана себептің салдарынан болмайды. Мұндай жағдай көбіне әлеуметтік, отбасылық, психологиялық факторлардың қабаттасуынан туындайды.

Сонымен қатар психикалық ауытқулар да себеп болуы мүмкін. Ол тұқым қуалауы мүмкін Осыған дейін, Сауран ауданы аумағында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы суицидтік бағытта олардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында алкогольдік ішімдіктерді сататын дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарында түсіндіру және рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Іс-шара барысында кәсіпкерлерге қолданыстағы заң талаптары түсіндіріліп, кәмелетке толмаған азаматтарға алкоголь өнімдерін сатуға қатаң тыйым салынатыны ескертілді. Сонымен қатар, дүкен иелері мен сатушыларға жауапкершілік шаралары түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылды.

Жас ұрпақтың тәрбиесі мен болашағына немқұрайлы қарамай, олардың зиянды әдеттерден аулақ болуына жағдай жасау – қоғамның ортақ міндеті. Осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Жастардың жарқын болашағы үшін бірлесе жұмыс істейік!

Алдыңғы жаңалық

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен экотуризмді дамыту мәселелері талқыланды

Келесі жаңалық

Түркістан: Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші бойынша республикада көш бастап келеді.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі