Воскресенье, 25 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 1 МЛРД ТЕҢГЕЛІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ

13 июля, 2026
in Қоғам, әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 1 МЛРД ТЕҢГЕЛІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі облыс басшысы Нұралхан Көшеровтың қатаң бақылауына алынған. Осындай қарқынды жұмыстар халық игілігіне пайдаланатын келіссөздермен ұласуда. Бүгінде Түркістан облысы инвестиция тартуда республика бойынша көш бастап тұр. Ірі жобаларға қолдау көрсетілуде. Өңірде индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық аймақтардың әлеуеті тиімді пайдаланылып, жаңа өндіріс орындары ашылуда. Түркістан облысында өңір экономикасына инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Осыған сәйкес, облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасы аясында Ордабасы ауданында қытайлық инвестордың қатысуымен темекі өнімдерін өндіретін жаңа өндіріс орнын іске асыру жобасы қолға алынуда. Жобаның жалпы инвестициялық құны 1 миллиард теңгені құрайды. Өндірілетін темекі өнімнің 60 пайызы экспортқа, ал 40 пайызы Қазақстанның ішкі нарығына бағытталады. Бұл өңірдің экспорттық әлеуетін арттырып, өнеркәсіп саласының дамуына жаңа серпін береді. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Ордабасы ауданы әкімдігі тарапынан инвесторға жер телімін беру, сондай-ақ өндіріс алаңын қажетті инженерлік-инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілетін болады.

Аталған инвестициялық жоба бойынша Ордабасы ауданы әкімдігі мен қытайлық инвестор арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум Алматы қаласында өткен «Қытай тауарларының Алматы қаласындағы XXI көрмесі» аясында рәсімделді. Жобаның іске асырылуы нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінде жаңа өндіріс жолға қойылып, өңірге тартылатын инвестиция көлемі артады. Сонымен қатар, экспорттық әлеует кеңейіп, жаңа жұмыс орындары құрылып, Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосылады.

Айта кетейік, Соңғы жылдары Түркістан облысында жүйелі басқару, ашықтық пен тиімді диалог принциптері орнығып, қоғамдық-саяси өмірде айтарлықтай ілгерілеу байқалуда. Бұл халықтың мәселесіне жедел ден қою, стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруда үлкен рөл атқаруда. Облыс әкімдігі мен жергілікті атқарушы органдардың, тиісті сала мамандарының бірлескен жұмысы ел Президенті қойған міндеттерге сай, Түркістанды тұрақты әрі дамыған өңірге айналдыру жолындағы нақты қадамдардың көрінісі саналады. Сонымен қатар, Түркістан – еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы облыстың стратегиялық маңызын арттыра түседі. Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара қарым-қатынас – достық және стратегиялық серіктестік қағидаттары негізінде дамып келеді және бұл бағытты екі елдің Президенттері айқындап берді. Түркістан –еліміздегі ауыл шаруашылығы дамыған өңір. Әсіресе, мақта – өңір экономикасының маңызды саласы. 2025 жылдың қорытындысымен жалпы құны 100,1 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобалар іске қосылған. Сонымен қатар, бүгінде Түркістан өңірі – инвестиция мен бастамалар тоғысқан, кәсіпкерлікке кең мүмкіндік берілген аймаққа айналды. Заманауи өндіріс орындары, агроөнеркәсіптік кешендер, туризм, құрылыс, логистика және терең өңдеу салаларындағы ауқымды жобалар өңірдің экономикалық әлеуетін еселей түсуде. Әсіресе мемлекет қолдауымен жүзеге асып жатқан индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық бастамалар кәсіпкерлердің жаңа белестерге көтерілуіне жол ашты.

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен барлық аудан, қалада өндірістік парктер салынып жатыр. Мақсат – жұмыс орындарын көбейту. Өңірдің әлеуметтік-экономикасын жоғарғы деңгейге көтеріп, әлеуетін арттыру.

Сонымен қатар, Түркістан облысында әлеуметтік-экономиканы көтеріп, инвесторларды қолдау және жобалардың жедел жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарда инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген дайын өндірістік алаңдар салынған. Бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймақтарда жалпы құны 976,4 млрд теңгеге, индустриялды аймақтарда 132,3 млрд теңгеге инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.  Сонымен қатар аудандар мен қалаларда 214 гектар аумаққа шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 25 шағын өндірістік алаң құрылды. Бұл аймақтарда 192 млрд теңгенің инвестициялық жобалары іске асырылуда. Нәтижесінде, 5 218 жұмыс орны құрылмақ. Осы бастама аясында өңірдің барлық аудандарында 258 өндірістік ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта да өңірде экономиканы қарқындата түсетін бірқатар маңызды жобалар легі жалғасын таба бермек.

Алдыңғы жаңалық

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАР ГРЕКИЯДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Келесі жаңалық

«ШӘМШІ ӘНДЕРІ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРҒА ЕРЕКШЕ ШАБЫТ ПЕН КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі