Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауран: Ауданда мәдениет, спорт, кітапхана және спорт саласын дамыту жұмыстары қарқынды

18 июля, 2026
in Жаңалықтар, Спорт, Өнер
0
Сауран: Ауданда мәдениет, спорт, кітапхана және спорт саласын дамыту жұмыстары қарқынды
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Сауран ауданы бойынша дене шынықтыру және спорт, оның ішінде ұлттық спортты, өнер, мәдениет саласындағы қызметтер жүйелі жұмыстармен толығуда.  Осыған орай, Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабековамен арнайы сұхбаттасып көрдік.

  1. Жанар ханым, қайырлы күн! Сұхбатқа келіскеніңіз үшін арнайы алғысымды айтамын. Жалпы, Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі қанша бағытта жұмыс жасайды? Қазіргі атқарылып жатқан жұмыстарыңызға, оның ішінде спорт саласына тоқталып өтсеңіз.  

— Рахмет. Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі 4 бағытта жұмыс жасайды.  Атап айтсақ: Мәдениет, спорт, кітапхана және спорт саласын дамыту бойынша өз жұмыстарымызды атқарып келеміз. Бүгінде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың үлесі индикаторы бойынша 2025 нақты 42,7% болса, қазіргі таңда 43,5% болып, яғни ауданымыздың 45281 азаматы дене шынықтыру және спорт түрлерімен айналысады. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 44,5% асырып орындау жоспарлануда. Сонымен қатар, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын балалар мен жасөспірімдердің үлесі индикаторы бойынша 2025 нақты 33,1% болса, қазіргі таңда 12365 жасөспірім спорттық үйірмелерге тартылып, индикаторлық көрсеткіш 34% болып толық орындалып отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 36 % асырып орындау жоспарлануда. Дене шынықтырумен және спортпен айналусыға қарсы көрсетілімдері жоқ дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын мүгедектігі бар адамдардың үлесі индикаторы бойынша 2025 нақты 10,2% болса, қазіргі таңда 13% орындалып ауданымызды 170 мүмкіндігі шектеуле азаматтар спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысуда. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті  20 % асырып орындау жоспарлануда.

  1. Сауран ауданы тарихи аудан. Киелі мекенде бүгінде қанша тарихи нысан бар? Атап өтсеңіз.

— Иә, Сауран ауданы тарихи орындарға бай аудан. Ауданымызда 54-тарихи нысан бар. Яссы ауылдық округінде орналасқан «Қобыланды батыр» ескерткіші заңдастырылып, қазіргі таңда «Анаға тағзым» ескерткіші, Байбайқорған ауылдық округі, Игілік елді мекенінде орналасқан «Ұлы Отан соғысының батырлары» монумент тақташасы мен Жаңа Иқан ауылдық округі, Иқансу өзені бойында орналасқан «Қоңырсопы қорымдары», Ескі Иқан ауылдық округі, Мәшқүр Жүсіп елдімекенінде орналасқан Рахманқұл Бердібай бюсті арнайы ғылыми сараптамадан өтіп, облыстық мәдениет басқармасына қарасты тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысында оң нәтиже алынып, заңдастырылу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Игілік және Тұран елді мекендерін құру бойынша П.Ә келісім алынып, қазіргі таңда заңдастыру үшін тиісті жұмытар атқарылуда.  Одан бөлек, Иассы, Шаға ауылдық округтарының атауы жоқ көшелеріне атау беру үшін 31 көшенің және де Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ауданда туылған Кеңес Одағының Батыры атағын алған және де 1 дәрежелі орденімен марапатталған 5 азаматтың есімін ұлықтау мақсатында көше атауын беру үшін, аудандық маслихат отырысынан оң нәтеже алынып, облыстық Ономастика комиссиясына қажетті құжаттары ұсынылды.

  1. Мәдениет және спорт саласына қатысты жұмыстарға тоқатыл өтсеңіз? Кітапхана қоры жеткілікті ме?

— «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде» 37 штат бірлік бар. Кітап қоры 319 340. Аудан аумағындағы ауылдық кітапханалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 250 дана кітап сөресі (стеллаж) алынып, кітапханаларға жеткізілді. Бұл кітап қорын тиімді орналастыруға және оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік берді. Кітапханадағы кітап қорын жергілікті бюджет есебінен толықтыру индикаторы бойынша қазіргі таңда 800 кітап сатып алынып ауданымыздағы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ теңгеріміндегі кітапханаларда 319 370 кітапқа жетіп отыр. Жыл соңына дейін индикаторлық көрсеткішті толық орындау үшін тағы да 1300 ден аса кітап сатып алу арқылы кітап қорын 320 594 асыру  жоспарлануда. Мәдениет үйі мен клубтарындағы үйірмелерге қатысушыларды арттыру индикаторын орындау бойынша қазіргі таңда қаңтар айынан бері 70 ке жуық бала үйірмелерге тартылып, жалпы саны 551 болып тұр. Жыл соңына дейін 668 баланы әдени үйірмелерге тарттыру жоспарлануда. Ауданымызда мәдениет саласында 5 мәдениет үйі, 10 ауылдық клубта 89 қызметкер өз жұмысын атқаруда. Сауран аудандық мәдениет үйі теңгеріміне бірқатар техникалық база алынды. (прожектор, кондиционер, интерактивті тақталар, лэд экран және де т.б техникалық заттар). Мәдениет саласындағы инфрақұрылымды дамыту үшін  Бабайқорған ауылынан 150 орындық клуб пен кітапхана салынып және де Қарашық ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп ел игілігіне пайдалануға берілді. Алдағы уақытта аудан орталығы Шорнақ ауылынан 500 орындық мәдениет сарайы қолданысқа беріледі. Ауданда 2 спорт клуб, 2 облыстық БЖСМ мен 4 жекеменшік спорт мектебі жұмыс жасайды.

Бөлімге қарасты «Бұқаралық және спорт түрлерін дамыту» клубындағы спорт нұсқаушылар ауданымыздағы жалпы білім беретін мектептердегі 9150 баланы спорттық үйірмелермен қамтып отыр.  Ауданымызда 2 спорт клубы бар. Тоқтала кетсек, «Сауран спорт клубы», «Бұқаралық спорт түрлерін дамыту» бойынша қазіргі таңда  612 жаттығушы және 42 қызметкер бар. Спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында тамыз айында аудан орталығы Шорнақ ауылында «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында салынған спорт кешен мен Майдантал ауылдық округі Ынталы елді мекеніндегі спорт кешені  халық игілігіне беру жоспарлануда.

  1. Сауран ауданында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін орнықтыру, этнос өкілдерінің ана тілдерін сақтау және үштілділікті дамыту бағытында қандай жұмыстар жүргізілуде?
  • Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңның 21-бабына енгізілген соңғы ресми өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік тілде жазылуына байланысты орын алған кемшіліктерді жою мақсатында, Сауран аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» тарапынан аудан және ауылдық округтер аумағында жыл басынан бері 5 ауылдық округ, оның ішінде 10 ауылға көрнекі ақпараттар мен деректемелерге мониторингтік жұмыстар жүргізіліп, 3 ауылдан кемшіліктер табылып, 1 реттік ескерту беріліп қазіргі таңда түзету жұмыстары жүргізілуде. Сауран ауданы бойынша 2026 жылдың 5 айында заң талаптарына сәйкес келмейтін сыртқы жарнамаларды ретке келтіру бағытында атқарылған жұмыстар туралы Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округ аумағында сыртқы көрнекі ақпараттар мен заң талаптарына сәйкес келмейтін сыртқы жарнамаларды ретке келтіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша аудан көлемінде 27 дана заң талаптарына сәйкес келмейтін сыртқы жарнама анықталды. Анықталған нысандар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 18 нысан иесіне ескерту берілді. Нәтижесінде 14 дана сыртқы жарнама жаңартылып, талапқа сәйкестендірілді. Кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ауылдық округтер деңгейінде 4 кездесу ұйымдастырылып, сыртқы жарнамаларды орналастыру талаптары мен көрнекі ақпараттардың заңнамаға сәйкестігі түсіндірілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 3 семинар өткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда аудан аумағының сәулеттік келбетін жақсарту, заң талаптарына сәйкес келмейтін сыртқы жарнамаларды азайту және кәсіпкерлік нысандардағы көрнекі ақпараттарды біріздендіру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

 

Сұхатыңызға рахмет!

Алдыңғы жаңалық

ҚҰРЫЛЫС — ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ!

Келесі жаңалық

САУРАН АУДАНЫНДА КОНДИТЕРЛІК ЦЕХ ТӘУЛІГІНЕ 1 ТОННА ӨНІМ ДАЙЫНДАЙДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі