Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАН АУДАНЫНДА КОНДИТЕРЛІК ЦЕХ ТӘУЛІГІНЕ 1 ТОННА ӨНІМ ДАЙЫНДАЙДЫ

18 июля, 2026
in Жаңалықтар
0
САУРАН АУДАНЫНДА КОНДИТЕРЛІК ЦЕХ ТӘУЛІГІНЕ 1 ТОННА ӨНІМ ДАЙЫНДАЙДЫ
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Сауран ауданының аумағында бірнеше жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар бар. Соңғы жылдары инвестиция тарту, креативті индустрияны, ішкі туризмды дамытуға, өндірісті ұлғайту және ауыл шаруашылығын дамыту бағытында қарқынды дамып келеді. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында жаңа өндіріс орындары көптеп ашылуда. Соның бірі, кәсіпкер Обиджон Омаровтың бастамасымен іске қосылған «Амина» кондитерлік цехы бүгінде түрлі тәтті өнімдер өндіруді қолға алған.

Кондитерлік цехта түрік пахлавасы, кептірілген нан, круассан, бисквит және түрлі тоқаш өнімдері дайындалады. Кәсіпорын тәулігіне 600 қорапқа дейін, шамамен 1 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Қазіргі таңда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

«Амина» кондитерлік цехының өнімдері Алматы, Шымкент, Жетісай, Түркістан, Астана және Жезқазған қалаларына жөнелтіледі. Бұл өндіріс орнының өнімдері өңірлік нарықпен қатар, еліміздің өзге қалаларында да сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Кәсіпорынның басты ерекшелігі — франшиза арқылы Өзбекстаннан алынған арнайы технологияны пайдалануында. Соның нәтижесінде дайындалатын бисквит өнімдері тоңазытқышта сақтауды қажет етпей, 30 күнге дейін сапасы мен дәмін жоғалтпайды. Мұндай өнім түрі кәсіпорында ерекше технология бойынша әзірленеді.

Сауран ауданының экономикалық әлеуеті жыл сайын артып келеді. Инвестиция көлемінің ұлғаюы, ауыл шаруашылығы мен өндірістің дамуы, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа жұмыс орындарының ашылуы ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына берік негіз қалыптастыруда. Сонымен қатар, Сауран ауданында алдағы уақытта шығармашыл жастардың бастамаларын қолдау, мәдени-креативті жобаларды көбейту және инновациялық идеяларды жүзеге асыру арқылы креативті индустрияның үлесін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

Алдыңғы жаңалық

Сауран: Ауданда мәдениет, спорт, кітапхана және спорт саласын дамыту жұмыстары қарқынды

Келесі жаңалық

КЕНТАУ: АЩЫСАЙ АУЫЛЫНДА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі