Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылының инженерлік инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында Құлымбетов көшесі бойында кәріз желісін тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылыс нәтижесінде, Құлымбетов көшесінде орналасқан №5, 15, 3, 2, 15, 22, 23, 24, 25 көп қабатты үйлерден шыққан кәріз сулары, жаңартылған құбыр желісіне қосылатын болады.
Аталған жоба ауыл тұрғындарын сапалы инженерлік-коммуналдық қызметпен қамтамасыз етуге, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. «Әділетті Қазақстан» қағидаттарының жергілікті деңгейдегі нақты көрінісі ретінде, халық қаржысының әр теңгесі — ел игілігіне дұрыс жұмсалуы тиіс. Жоба аясында заманауи талаптарға сәйкес кәріз желілері орнатылып, тұрғын үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жоба толық аяқталғаннан кейін ауылдағы Құлымбетов көшесінің тұрғындары үшін тұрмыстық қолайлылық артып, елді мекеннің коммуналдық инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарады. Ащысай ауылында халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған осындай инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Мемлекет басшысының реформаларындағы басты міндеттердің бірі — азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, қалалардың инфрақұрылымын жаңғырту және бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету. Осы ретте құрылыс нысандарындағы әрбір жұмыстың сапалы орындалуы, белгіленген мерзімнің сақталуы және жобалық талаптардың қатаң орындалуы — басты назарда болуы тиіс.


