Воскресенье, 25 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

САУРАН АУДАНЫНДА МЕКЕМЕЛЕР АРАСЫНДАҒЫ КІШІ ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

23 июля, 2026
in Спорт
0
САУРАН АУДАНЫНДА МЕКЕМЕЛЕР АРАСЫНДАҒЫ КІШІ ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданында бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған мемлекеттік мекемелер арасында ұйымдастырылған кіші футбол лигасының алғашқы ойындары басталды. Спорттық шара мемлекеттік қызметкерлер арасында бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Жарысқа Сауран аудандық әкімдігі, аудандық емхана, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция бөлімі, аудандық мәслихат, «Мансап» орталығы, білім бөлімі, төтенше жағдайлар қызметі және Кадастр — ХҚКО командалары қатысып, жасыл алаңда өзара бақ сынайды. Бұл жарыс қатысушылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, ұжым арасында достық пен ұйымшылдықты нығайтуға, футбол мәдениетін дамытуға үлкен серпін береді. Алғашқы тур кездесулері Шорнақ ауылында ұйымдастырылды. Алдағы уақытта жарыс өз жалғасын тауып, турнир қорытындысы бойынша үздік командалар мен үздік ойыншылар анықталатын болады. Алдағы кездесулердің тартысты өтіп, әр командаға сәттілік серік болсын! Жанкүйерлерді қызықты ойындар мен жарқын жеңістер күтіп тұр. Сауранда спорт – салауатты өмір салтының жарқын көрінісі!

Айта кетейік, Сауран ауданында «Бұқаралық және спорт түрлерін дамыту» клубындағы спорт нұсқаушылары жалпы білім беретін мектептердегі 9150 баланы спорттық үйірмелермен қамтып отыр.  Ауданға қарасты 2 спорт клубы бар. «Сауран спорт клубы», «Бұқаралық спорт түрлерін дамыту» бойынша қазіргі таңда  612 жаттығушы және 42 қызметкер бар. Спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында тамыз айында аудан орталығы Шорнақ ауылында «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында салынған спорт кешен мен Майдантал ауылдық округі Ынталы елді мекеніндегі спорт кешені  халық игілігіне беру жоспарлануда.

Алдыңғы жаңалық

САУРАН АУДАНЫНДА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

Сауран археологиялық-сәулеттік кешені

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі