Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Дәстүр

САУРАН АУДАНЫНДА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

22 июля, 2026
in Дәстүр, Жаңалықтар
0
САУРАН АУДАНЫНДА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданында тарихи мұра Қожа Ахмет Ясауидың рухани-философиялық мұрасын кеңінен дәріптеуге бағытталған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары ұйымдастырылды. Тарихи мұра насихатталған рухани-ағартушылық іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, теологтар, дінтанушылар, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты. Семинарға «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ерлан Дәкенов модераторлық етті. Жиында Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы және Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі Мухаммеджан Ергешбайұлы Джумадиллаев сөз сөйледі. Олар Қожа Ахмет Ясауи мұрасын жүйелі зерттеу мен кеңінен насихаттаудың, өскелең ұрпақтың тарихи-рухани танымын қалыптастырудың және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің және тарихи мұра объектілерінің маңыздылығына тоқталды. Мағлұматтар айтылды.

Семинар барысында профессор, теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетай, дінтанушы Сержан Оразбай, «Яссауитану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Бауыржан Сайфунов және философия докторы Төлеген Мұхит мазмұнды баяндамалар жасады. Спикерлер Қожа Ахмет Ясауи мұрасының тарихи және рухани мәні, хикметтеріндегі ізгілік пен адамгершілік құндылықтары, сондай-ақ ұлттық сана мен салт-дәстүр арасындағы сабақтастық туралы ой бөлісті. Кездесу барысында Ясауи мұрасын жастар арасында кеңінен таныту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы рухани тұтастықты нығайту бағыттары талқыланды. «Ясауи керуені» жобасы алдағы уақытта Түркістан облысының өзге де қала-аудандарында жалғасын табады.

Айта кетейік, бүгінде Сауран ауданында 54-тарихи нысан бар. Соның бірі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар ескерткіш. Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 55 шақырым жерде, Қаратау тауының етегінде орналасқан. Ескерткіш діни-рухани құрылыс ретінде де, зиярат ету орталығы, қасиетті жер ретінде бүкіл мұсылман дүниесіне қадірлі және танымал. Қасиетті мекенге жыл бойы зияратшылар Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Кавказ аймағы және басқа елдерден үздіксіз келіп жатады.

2017 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі орындарының географиясы» жобасы бойынша Үкаша ата кесенесі Діни және ғибадат орын ретінде киелі ескерткіштер тізіміне енгізілді.

Ал, Жүсіп ата кесенесі Түркістан қаласынан 25 шақырым қашықтықта, Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылының орталығында орналасқан. Кесенеде бұрындары ешкандай археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Тек 2005 жылы кесене іргесіне зерттеулер жүргізіліп, құрылыстың іргесі ХV ғасырда қаланғандығы анықталды. Кесененің бастапқыда Қабірхана мен Жамағатхана бөлмелері ғана болған, кейіннен ХХ ғасырдың басында жергілікті тұрғындар Асхана бөлмесін тұрғызған. Жамағатхана бөлмесінің күмбезі де төбе жабыны да біздің күнімізге түпнұсқа күйінде жетпеген. Тек Қабірхана бөлмесі ғана бүтін жеткен. Кесененің негізгі өлшемдері толық сақталған және іргетас ретінде пайдаланылған алты қатар кірпіш қаландысы да жақсы жағдайда.  Жүсіп ата кесенесі қабірхана, жамағатхана бөлмелерінен тұрады және екі бөлме де күмбезделіп жабылған. Құрылыстың жалпы ұзындығы 14,2 м, ені 12,8 м, биіктігі 13,5 м. 2008-2010 жылдары «Қазқайтажаңарту» РМК тарапынан Жүсіп ата кесенесіне қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

Алдыңғы жаңалық

Қазығұртта тәуекел тобындағы оқушылармен жұмыс және цифрлық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Келесі жаңалық

САУРАН АУДАНЫНДА МЕКЕМЕЛЕР АРАСЫНДАҒЫ КІШІ ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі