Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кенші еңбегі – ел тарихы, ардагерге құрмет – адамдық парыз!

15 июля, 2026
in Жаңалықтар
0
КЕНТАУДА – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА!
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында талай жылын кен өндірісіне арнап, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан кенші ардагерлерге құрмет көрсетілді. Кенші – жер қойнауындағы байлықты игеріп қана қоймай, тұтас бір қаланың қалыптасуына еңбек сіңірген мамандық иесі. Бүгінгі Кентаудың тарихында олардың маңдай тері мен қажырлы еңбегінің айрықша орны бар. Адал азамат ұғымы – елге адал қызмет ету, еңбекті бағалау, үлкенге құрмет, кейінгі ұрпаққа өнеге болу деген сөз. Ал әділетті қоғам еңбегімен елге қызмет еткен азаматтың еңбегін ұмытпай, ардагерлерге лайықты құрмет көрсетуден басталады.

Қазақстанда шілденің үшінші жексенбісі Металлургтер күні болып бекітілген. Бұл күн – өз кәсібіне адал, қиындықтан қаймықпайтын, өндірісте шыңдалған ұстамды жандарға құрмет көрсетілетін айрықша мереке. Мереке қарсаңында қаладағы «Кенші аллеясында» Металлургтер күні аталып өтті. Мерекелік іс-шара барысында қала әкімі Жандос Тасов, «Ащысайтүстіметалл» комбинатының еңбек ардагері, Кентау қаласының Құрметті азаматы Исахан Жұмабаев және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жолшыбек Аққұлов кенші ардагерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетті.

«Бұл сала қызметі ауыр әрі құрметті, ал осы маман иелері батылдық, жанқиярлық және жоғары кәсіби біліктілікті меңгерген қасиет иесі ретінде бейнеленеді. Мамандыққа адалдық танытып, кәсіптің маңыздылығын түсіну, еліміздің болашағы үшін жауапкершілік – қай қаланың болмасын басты мұраты. Құрметті ардагерлер, өздеріңіздің кәсіби шеберліктеріңізге тән осы қасиеттерді жас ұрпақтың бойына әрқашан сіңіре білдіңіздер. Бүгінгі ұрпақтың атынан, қадірменді ағалар, Сіздердің алдарыңызда басымызды иеміз және сіздер салып берген сара жолмен қаламызды өркендете беретін боламыз», – деді қала әкімі.

Сондай-ақ, сала ардагерлері мен еңбек адамдарына адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және өз ісіне деген жауапкершілігі үшін «Еңбек ардагері», «Еңбек даңқы», «Құрметті кенші», «Кенші даңқы» төсбелгілері табысталып, «Тау-Кен металлургия салалық кәсіптік одағы» «Қазақ КәсіподақМеталл» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы және қала әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Шара соңында өмірден өткен кеншілердің есімдері жазылған ескерткіш алдына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Ардагерлерге құрмет көрсету – өткенді ұлықтау ғана емес, жас ұрпаққа «еңбекке адал бол, елге қызмет ет» деген тағылымды аманат. Кентаудың кен өндірісінің тарихын жасаған ардагерлердің өнегесі – бүгінгі ұрпақ үшін үлкен мектеп. Еңбек адамына құрмет – әділетті қоғамның берік негізі. Адал еңбек – елдің берекесі, ардагерге құрмет – ұрпақтың парызы!

Айта кетейік, Кентау – кен өндірісімен қалыптасқан металлургтер қаласы. Кентау – тарихы еңбекпен, өндіріс пен кен өндірісімен біте қайнасқан шаһар. Қаланың қалыптасуы мен дамуы өңірдегі полиметалл кен орындарын игерумен тікелей байланысты. Кентаудың өндірістік тарихында Ащысай полиметалл комбинатының орны ерекше. Кен орындарын игеру барысында мұнда мыңдаған азамат еңбек етіп, өндіріс орындары қаланың экономикалық негізіне айналды. Кеншілер, металлургтер, инженерлер мен техникалық мамандардың қажырлы еңбегі Кентаудың өркендеуіне жол ашты.

Өндірістің дамуы қала инфрақұрылымының қалыптасуына да серпін берді. Тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, мектептер мен мәдениет ошақтары бой көтеріп, Кентау біртіндеп өнеркәсіптік қалаға айналды. Бұл – бір ғана кәсіпорынның тарихы емес. Бұл – Кентауды өз қолымен салған еңбек адамдарының тарихы.

Бүгінде қалада кен өндірісінің дәстүрін жалғастырған ардагерлердің еңбегін ұлықтау – өткенге тағзым ғана емес, жас ұрпаққа өнеге. Адал еңбекпен Кентаудың тарихын жасаған кенші-металлургтерге құрмет – ел тарихына құрмет! Кентаудың өндірістік шежіресі – еңбек адамының қадірін көрсететін тағылымды тарих. Сондықтан Адал азамат қағидаты аясында маңдай терімен елге қызмет еткен ардагерлердің еңбегін дәріптеу – әділетті қоғамның маңызды құндылығы.

Алдыңғы жаңалық

ШАРДАРАДА ТӘУЕКЕЛ ТОПТАРЫМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

«ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі