Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

15 июля, 2026
in Жаңалықтар, Рухани құндылық
0
Белтемір – бабалар мұрасын жаңғыртқан ұлттық рухтың белгісі
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан – қазақ халқының рухани тамыры тереңге тартқан, тарихы мен мәдениеті тоғысқан қасиетті мекен. Бұл киелі шаһарда ұлттық құндылықтарды ұлықтау, тарихи сананы жаңғырту және ұлы тұлғалардың мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Әсіресе, түркі дүниесінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауидың тағылымын кеңінен дәріптеу – ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді және рухани болмысымызды сақтаудың маңызды тетігі. Осы мақсатта, Түркістан қаласындағы «Достық» үйінде Қожа Ахмет Ясауидың рухани-философиялық мұрасын кеңінен дәріптеуге арналған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары өтті. Ауқымды рухани-ағартушылық жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құндылықтарды жаңғырту, тарихи тұлғалардың мұрасын кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды. Мұндай тағылымды кездесулер ұлттық тарихымызды терең тануға, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасын дәріптеуге және жастардың тарихи санасы мен елдік құндылықтарға деген құрметін нығайтуға зор үлес қосады. Ясауи мұрасы – өткеннің ғана емес, бүгінгі қоғамның рухани жаңғыруына бағыт беретін өміршең құндылықтардың қайнар көзі.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, теологтар, дінтанушылар, зиялы қауым, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Семинарды «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Ерлан Дәкенов жүргізді. Ол Қожа Ахмет Ясауидың рухани мұрасы ұлттық бірегейлікті нығайтуға, өскелең ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеуге қызмет ететінін атап өтті.

  • Баршаңызды Түркістан төрінде өтіп жатқан «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинарының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Түркістан – халқымыздың рухани астанасы, ұлттың тарихи жады мен мәдени мұрасы сақталған қасиетті мекен. Бұл киелі шаһардың әлемге танылуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы ойшыл, ақын әрі сопылық ілімнің көрнекті өкілі – Қожа Ахмет Ясауи. Ясауи мұрасы – халқымыздың рухани тұтастығын қалыптастырған, елді бірлікке, имандылыққа, адамгершілікке үндейтін баға жетпес құндылық. Сондықтан оның тағылымын кеңінен дәріптеу – өткенімізді құрметтеу ғана емес, келер ұрпақтың ұлттық болмысын нығайтуға бағытталған маңызды міндет. Бүгінгі семинар – ұлы тұлғаның рухани-философиялық мұрасын ғылыми тұрғыдан зерделеп қана қоймай, оны қоғам өмірімен сабақтастырып, жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге бағытталған маңызды алаң. Тарихын таныған халықтың ғана болашағы баянды болады. Сондықтан біз тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен насихаттауға, қасиетті орындарды қорғауға және рухани құндылықтарды ұрпақ тәрбиесінің өзегіне айналдыруға әрдайым басымдық береміз. Түркістан өңірінде ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді және рухани мұрамызды дәріптеуге бағытталған ауқымды жобалар алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл жұмыстар елдің рухани дамуына, ұлттық бірегейлікті нығайтуға және қасиетті Түркістанның халықаралық беделін арттыруға қызмет етеді. Баршаңызға семинар жұмысына табыс, мазмұнды пікірталас пен тың ғылыми ізденістер тілеймін. Еліміздің рухани дамуына қосып жүрген үлестеріңіз арта берсін,-деді Ертай Алтаев.

Семинар барысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетай «Қожа Ахмет Ясауи мұрасының тарихи және рухани маңызы» тақырыбында баяндама жасады. Ғалым ұлы ойшылдың түркі дүниесіндегі орнына және оның ілімінің қазіргі қоғам үшін өзектілігіне жан-жақты тоқталды. Университет доценті, дінтанушы Сержан Оразбай «Ясауи хикметтеріндегі рухани құндылықтар» тақырыбында баяндама жасап, «Диуани хикмет» еңбегіндегі адамгершілік, имандылық және рухани кемелдену идеяларының тәрбиелік маңызын түсіндірді. Іс-шара барысында қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеу, жастар арасында насихаттау және рухани құндылықтарды қоғамдық өмірге кеңінен енгізу бағыттары бойынша пікір алмасты. Сарапшылар Ясауи мұрасын дәріптеу рухани қауіпсіздікті нығайтудың, ұлттық тұтастықты сақтаудың және дәстүрлі құндылықтарды ұрпақ санасына сіңірудің маңызды тетіктерінің бірі екенін атап өтті. Іс-шара барысында ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері Ясауи ілімінің тарихи маңызы, оның қазақ халқының дүниетанымы мен ұлттық тәрбиесіндегі орны, рухани құндылықтарды ұрпақ санасына сіңірудегі рөлі туралы мазмұнды баяндамалар жасады.

Алдыңғы жаңалық

Кенші еңбегі – ел тарихы, ардагерге құрмет – адамдық парыз!

Келесі жаңалық

ҚҰРЫЛЫС — ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі