Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Дәстүр

ТҮРКІСТАНДА «ТҰРАН ДАЛАСЫНЫҢ КҮЙЛЕРІ» АТТЫ КҮЙШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2026
in Дәстүр, Жаңалықтар, Рухани құндылық
0
Белтемір – бабалар мұрасын жаңғыртқан ұлттық рухтың белгісі
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының рухани және ұлттық құндылықтарды сақтау мен ұрпақ тәрбиесінде дәстүрдің маңызын үнемі атап келеді. Осы тұрғыда, 1 шілде – елімізде жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай және Ұлттық домбыра күні қарсаңында Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Кенжеқызы Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Тұран даласының күйлері» атты күйшілер байқауы өтті.

Ұлттық домбыра өнері мен күйшілік дәстүрді кеңінен насихаттап, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, қазақ халқының болмысын және жас күйшілердің шығармашылық әлеуетін дамыту және қазақтың күйшілік мектебінің сабақтастығын сақтау мақсатында ұйымдастырылған шараға қаламыздағы өнерлі 20 жас қатысып, бақтарын сынады.

Түркістан – қазақ руханиятының алтын бесігі. Бұл киелі өлкеде өткен «Тұран даласының күйлері» атты күйшілер байқауы – халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан күй өнерін ұлықтап, ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпақтың бойына сіңіруге бағытталған тағылымды шаралардың бірі.

Байқаудың ашылу салтанатына арнайы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Әліпов Мадияр Бақтыбайұлы, облыстық мәслихат депутаты Жантөреева Қалыйма Жантөреқызы, Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Сәрсенбаев Ғаппар Амантайұлы қатысып, ұлттық өнердің ұлт болмысын сақтаудағы, рухани құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізудегі маңыздылығына тоқталды.  Сонымен қатар, бүгіннен бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңартылған нормаларының елдің құқықтық дамуы мен қоғамдық жаңғыруындағы тарихи маңызын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға 9–21 жас аралығындағы 20 жас күйші қатысып, орындаушылық шеберліктері тәжірибелі қазылар алқасының бағалауынан өтті.

Байқау нәтижесі бойынша:

Кіші топ (9–14 жас):

Бас жүлде – Әбдірахман Жомарт Абдусаламұлы («Ақжайық» музыка мектебі);

І орын – Серікбай Нұрболат Нұрланұлы (Түркістан балалар саз мектебі);

ІІ орын – Бәкір Бекнұр Өмірханұлы (Түркістан балалар саз мектебі), Байбосын Айзере («Ақжайық» музыка мектебі);

ІІІ орын – Әсілхан Айзере Мәдиқызы («Айнамкөз» өнер мектебі), Серікбай Мадияр Қанатұлы (Б.Саттарханов атындағы футбол академиясының «Домбыра» үйірмесі).

 

Арнайы номинациялар:

«Төлеген Момбеков атындағы» – Сәрсенбек Әділет Талғатұлы («Білім кемесі» мектеп-лицейі);

«Сүгір Әліұлы атындағы» – Момиш Алмаз Талғатұлы (Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы);

«Дина Нұрпейісова атындағы» – Исмаилова Раян Маратовна («Айнамкөз» өнер мектебі).

 

Ересек топ (15–21 жас):

Бас жүлде – Маханбет Дәурен Қайратұлы;

І орын – Асқарұлы Асылжан;

ІІ орын – Рамазан Саят Қанатұлы, Оспан Аманжол Алмасханұлы;

ІІІ орын – Абдыхаил Дильназ Русланқызы (Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дің 1-курс студенті), Шынтемір Нұрдәулет Қайратұлы (Түркістан балалар саз мектебі).

 

Арнайы номинациялар:

«Көрермен көзайымы» – Момиш Назерке (Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дің 1-курс студенті);

«Шебер орындаушы» – Шалқар Арайлым Алматқызы (Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы);

«Сүгір Әліұлы атындағы» – Ахметхан Диас Марипханұлы (Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы);

«Дина Нұрпейісова атындағы» – Ұзақбай Ералы Ерзақұлы (Түркістан балалар саз мектебі);

«Төлеген Момбеков атындағы» – Өтебек Балнұр Ілесбекқызы (М.Мәметова атындағы №6 жалпы білім беретін мектебі).

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Күй – қазақ халқының шежіресі, тарихы мен тағдырының үнсіз тілі. Әрбір күйде бабаларымыздың ерлігі, елдік рухы, салт-дәстүрі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен өмірлік философиясы көрініс табады. Сондықтан күй өнерін дәріптеу – ұлттық болмысымызды, мәдени мұрамызды және рухани құндылықтарымызды сақтау деген сөз. Осындай байқаулар арқылы жастар халқымыздың қасиетті домбырасын қастерлеуге, ұлттық өнерге құрметпен қарауға тәрбиеленеді. Бұл – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ата-бабадан аманат болған асыл мұраны келешекке жеткізудің жарқын үлгісі. Түркістан төрінде ұйымдастырылған «Тұран даласының күйлері» байқауы – қазақтың төл өнерін дәріптеп қана қоймай, ұлттық салт-дәстүрімізді, рухани құндылықтарымызды жаңғыртуға қосылған маңызды үлес. Домбыраның күмбірі үзілмей, күй өнері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақтың рухани қазынасы мәңгі жасай бермек.

 

Алдыңғы жаңалық

Белтемір – бабалар мұрасын жаңғыртқан ұлттық рухтың белгісі

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫН САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі