Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Дәстүр

Белтемір – бабалар мұрасын жаңғыртқан ұлттық рухтың белгісі

1 июля, 2026
in Дәстүр, Жаңалықтар
0
Белтемір – бабалар мұрасын жаңғыртқан ұлттық рухтың белгісі
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Баршаңызды қазақ халқының бай рухани мұрасын дәріптейтін, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын белтемірге тартылу жарысының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!

Түркістан – қазақ руханиятының алтын бесігі. Сондықтан қасиетті өңірде ұлттық салт-дәстүрімізді, төл спортымызды және ата-бабадан қалған асыл мұраны жаңғырту – баршамызға ортақ міндет. Белтемір – халқымыздың күш-қайратын, төзімділігі мен жігерін шыңдайтын, ер азаматтың рухын тәрбиелейтін ұлттық жаттығулардың бірі.

Бүгінгі жарыс – тек мықтыны анықтайтын дода емес. Бұл – ұлттық бірегейлігімізді дәріптейтін, жастарды отансүйгіштікке, салауатты өмір салтына және ұлттық дәстүрге құрметпен қарауға үндейтін маңызды рухани шара.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құндылықтарды сақтау мен ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беріп келеді. Осы бағытта Түркістан облысында ұлттық спортты дамытуға, дәстүрлі мәдениетті қолдауға және бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға ерекше көңіл бөлінуде.

Барша қатысушыларға сәттілік, мықты денсаулық, жоғары нәтиже тілеймін. Жарыс әділ өтіп, ең мықтылар жеңіс тұғырынан көрінсін! Еліміздің абыройын асқақтатып, ұлттық рухымызды биіктете беріңіздер!

Ұлттық мұрамыз ұлықталып, көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!

Алдыңғы жаңалық

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ІС!

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА «ТҰРАН ДАЛАСЫНЫҢ КҮЙЛЕРІ» АТТЫ КҮЙШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі