Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, өңірге қарасты қала мен аудан аумағындағы өзен жағалауларына ауқымды тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Отырар ауданы, Отырар ауыл округінде ауқымды жұмыстары ұйымдастырылуда. Іс-шара барысында көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, арықтар ретке келтіріліп, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында жұмыстар қолға алынуда. Таза әрі көрікті ауыл – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай игі бастамалар туған жердің көркеюіне, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Ауылдық әкімдік Отырар ауыл округінің тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға және экологиялық акцияларға белсенді қатысуға шақырады! Экологиялық акция барысында Отырар ауылына қарасты аумағы қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары атқарылды.
Іс-шараға ауылдық округке қарасты барлық мекемелері қызметкерлері, ауылдық округтер, білім беру ұйымдары, ерікті жастар және тұрғындар белсене қатысып, жалпы саны мыңнан астам адам жұмылдырылды. Тазалық жұмыстарына 3 арнайы техника тартылып, қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, қолғаптармен және қоқыс жинауға арналған арнайы қаптармен қамтамасыз етілді. Ауыл ішіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, шөп шабу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде екі аумақтан жалпы көлемі 2,8 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды.

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи су көздерін сақтау және туған жердің тазалығын қамтамасыз ету – барша азаматтың ортақ міндеті.
Сондай-ақ акция аясында табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын насихаттайтын ақпараттық баннерлер орнатылып, тұрғындарға экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта да, игі бастама өз жалғасын таба бермек. Таза табиғат – болашақ ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау, табиғи байлықтарды сақтау және туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Атырау қаласында белсенді түрде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды. Шын мәнінде, бұл бір жылдық немесе бес жылдық емес, ұлттық идеология деңгейіне көтеріліп, жалғасатын өміршең қозғалыс болуы керек. Себебі таза экология – дені сау ұрпақтың, ғаламның болашағы. Экологиялық мәдениетті әр отбасы өз шаңырағынан бастап, балабақша, мектеп, оқу орындарында жалғастыруымыз керек. Тазалықтың барлығы өзімізден басталады,-деді ауыл тұрғындары.


