Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Таза Қазақстан

Таза Қазақстан – таза болашақтың кепілі!

1 июля, 2026
in Таза Қазақстан
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Отырар ауданында құрылған арнайы жұмысшы топ елді мекендердегі кәсіпкерлік нысандарын аралап, айнала тазалығы, қоқыс қалдықтарын реттеу, абаттандыру және санитарлық талаптардың орындалу барысын бақылауға алды. Аралау барысында бірқатар кемшіліктер анықталып, санитарлық тазалық талаптарын сақтамаған он кәсіп иесіне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті ескертулер берілді.

Сонымен қатар, белгіленген талаптарды өрескел бұзған бір кәсіпкерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2 бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Отырар ауданының тазалығы – барша тұрғынға ортақ жауапкершілік. Осыған байланысты аудан тұрғындары мен кәсіп иелерін тазалық талаптарын қатаң сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және туған жердің көркеюіне бірлесе атсалысуға шақырады. Алдағы уақытта “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясындағы рейдтік және түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Айта кетейік, Отырар ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған игі бастамаға аудан тұрғындары белсенді қатысып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосуда. Бүгінге дейін, аудан орталығында ұйымдастырылған кезекті сенбілікке мемлекеттік мекемелер мен бөлімдердің қызметкерлері, ауыл тұрғындары, ерікті жастар және қоғамдық ұйым өкілдері қатысуда. Сенбілік барысында жол бойындағы қоршаулар сырланып, әктелді, көшелер мен қоғамдық орындар күл-қоқыстардан тазартылып, арамшөптер тазаланған. Тазалық жұмыстары аудан орталығындағы «Жібек жолы» даңғылынан бастау алып, Д.Алтынбеков, Н.Оңдасынов, С.Ерубаев және Қ.Төбасиев көшелерінде, сондай-ақ ауыл округтері мен мекемелерге бекітілген аумақтарда ұдайы жалғасын тауып келеді.

Жалпы аудан көлемінде өткен әр бір сенбілікке 1000-ға жуық адам жұмылдырылып, 6 арнайы техниканың көмегімен 8 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар шығарылып, арнайы полигондарға жеткізілуде. Аудан тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, елді мекендердің санитарлық тазалығы мен көркеюіне оң ықпал ететін болады.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» – елімізде жүзеге асырылып жатқан маңызды экологиялық бастама. Бұл акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және әрбір азаматтың экологиялық жауапкершілігін арттыру.

Тазалық – өркениетті қоғамның басты көрсеткіштерінің бірі. Таза көше, көрікті ауыл мен қала, жасыл желекке көмкерілген табиғат – баршамыздың ортақ байлығымыз. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрбір азаматтың азаматтық борышы болуы тиіс.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында еліміздің барлық өңірлерінде сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер мен саябақтар тазартылып, өзен-көлдердің жағалаулары ретке келтіріліп, ағаш көшеттері отырғызылуда. Сонымен қатар тарихи-мәдени ескерткіштердің аумақтары абаттандырылып, жастардың қатысуымен түрлі экологиялық іс-шаралар өткізілуде. Мұның барлығы туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Таза Қазақстан» – бір реттік акция емес, ол әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Әрқайсымыз өз ауламызды, көшемізді, жұмыс орнымызды таза ұстап, табиғатты аялауға үлес қосқанда ғана еліміз шын мәнінде таза әрі көркейген мемлекетке айналады. Қорытындылай келе, табиғатты қорғау – келер ұрпақ алдындағы қасиетті міндетіміз. Тазалықты бүгіннен бастайық. Әрбір егілген ағаш, әрбір жиналған қоқыс, әрбір игі іс – туған жеріміздің көркеюіне қосылған үлес. Таза Қазақстан – таза болашақтың кепілі!

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУ: ҚАЛА ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Келесі жаңалық

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ІС!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі