Кентау қаласында Мемлекет басшысы жариялаған «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы мен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты аясында мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру, тұрғындармен кері байланысты нығайту және инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қала әкімі мен мемлекеттік органдар тұрғындарды тұрақты қабылдап, ауылдық округтерде көшпелі кездесулер өткізіп, азаматтардың ұсыныстары мен өтініштерін тікелей тыңдау тәжірибесін қалыптастыруда. Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен цифрлық платформалар арқылы кері байланыс күшейтілуде. Осыған орай, Қала әкімі Жандос Тасов қала әкімдігінің ғимаратында тиісті мекеме басшыларының қатысуымен қала тұрғындарын қабылдады.

Қала басшысы әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, барлық сұрақтарға заңнамаға сәйкес жауап берді. Тұрғындар тарапынан жеке тұрғын үй, газдандыру, жұмыс және жер мәселелері бойынша өтініштер келіп түсті. Бөлім басшыларына тұрғындардың мәселелерін шешу бойынша тиісті тапсырмалар жүктелді. Азаматтардың әрбір өтініші назарға алынып, заңға сәйкес қарастырылатын болады. Мұндай қабылдаулар нәтижесінде, қалада азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын жедел қарау жүйесі жетілдірілуде, тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіліп, көтерілген мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылдануда. Сонымен қатар, бюджеттің ашықтығы мен тиімділігіне басымдық беріліп, әлеуметтік маңызы бар жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда. Нақтырақ айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында мемлекеттік бағдарламалар жүйелі орындалуда.
Айта кетейік бүгінге дейін, Кентау қаласында азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету. Жол, ауыз су, газдандыру, электрмен жабдықтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және әлеуметтік мәселелер бойынша көтерілген өтініштер кезең-кезеңімен шешімін табуда. Инфрақұрылымды жаңғырту. Қалада инженерлік желілерді жаңарту, ауыз су және кәріз жүйелерін жетілдіру, тұрғын үй қорын жаңғырту, көшелер мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік қызметтің ашықтығы, мемлекеттік мекемелердің ақпараттық ашықтығын арттыру, халыққа уақытылы әрі сапалы ақпарат беру мақсатында семинарлар ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметкерлердің коммуникациялық дағдылары жетілдірілуде. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іс жүзінде жүзеге асырудың маңызды қадамдарының бірі. Қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қолдау. Қоғамға бейімдеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау бағытындағы жобалар жүзеге асырылып, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы күшейтілуде.

Жалпы, Кентау қаласында жүргізіліп жатқан жұмыстардың басты мақсаты – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету және әрбір азаматтың пікіріне құлақ асатын, әділетті қоғам қалыптастыру. Осы бағыттағы реформалар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табуда.
«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» – «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған саяси реформалардың негізгі қағидаты. Алдағы уақытта да, Кентау қаласында осы бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, тұрғындардың игілігіне қызмет ете бермек.


