Түркістан облысында Мемлекет басшысының әлеуметтік — экономикалық дамуы, ауыл инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Солардың бірі Шардара ауданында жүзеге асты. Тұрғындар көптен күткен маңызды инфрақұрылымдық жоба – Жаушықұм мен Қалғансыр ауылдарын байланыстыратын аудандық маңыздағы автомобиль жолы салтанатты түрде пайдалануға берілді. Жолдың ашылу рәсіміне Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев, Шардара аудандық мәслихаттың төрағасы Бұлтбай Мүтәлиев, ардагерлер, ауыл ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан әкімі Арман Романұлы бұл жолдың экономикамыздың дамуы мен ел игілігі үшін маңызы зор екенін атап өтіп, Сонымен қатар, Мемлекет басшысының халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған тапсырмалары аясында жүзеге асқан жобаның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретінін жеткізді.
Іс-шара барысында ауданның дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азамат «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Атап айтқанда, «Строительная компания «Строймонтаж» ЖШС-нің директоры Нұрғали Мамбетов, аталған компанияның учаске басшысы Данияр Алпысов және Жаушықұм ауылының медиаторы Қайрат Бекбенбетов марапатқа ие болды.
Сондай-ақ ауыл ақсақалы Шүренбай Түзелұлы ел бірлігі мен өңірдің өркендеуіне арналған ізгі лебізін жеткізді. Іс-шара соңында ауылдың қадірлі ақсақалы Әбілқасым Ілесов ақ батасын беріп, жаңа жолдың елге ұзақ жылдар бойы қызмет етуіне тілектестігін білдірді.
Еске сала кетсек, жоба аясында Шардара ауданындағы КХSH-18 «КХ-163 Жаушықұм – Қалғансыр» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 8 шақырымы облыстық бюджет есебінен орташа жөндеуден өтті. Құрылыс жұмыстарын «Строительная компания «Строймонтаж» ЖШС жүзеге асырды.
Жөндеу барысында атқарылған жұмыстардың сапасы «Ұлттық жол сапасы орталығы» тарапынан зертханалық тексеруден өткізіліп, оң қорытынды алды.
Жаңа жолдың пайдалануға берілуі Жаушықұм мен Қалғансыр ауылдарының, сондай-ақ Шардара және Келес аудандары тұрғындарының қатынасын жеңілдетіп, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырады.
Шардара ауданы – Түркістан облысының аграрлық әлеуеті жоғары аудандарының бірі. Экономиканың негізгі қозғаушы күші – ауыл шаруашылығы, суармалы егіншілік, балық шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік. Негізгі бағыттары: Ауыл шаруашылығы. Мақта, бақша өнімдері, көкөніс, жүгері, күріш және мал шаруашылығы қарқынды дамуда. Суармалы жерлердің көп болуы өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Өнеркәсіп. Тамақ өнімдерін өңдеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және құрылыс материалдарын өндіру салалары дамып келеді. Инвестиция. Соңғы жылдары негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өсіп, жаңа өндірістік және инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Кәсіпкерлік. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіліп, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Туризм. Шардара су қоймасы мен жағажай аймақтары туристік әлеуетті арттырып, қызмет көрсету саласының дамуына ықпал етуде. Жалпы айтқанда, Шардара ауданының экономикасы агроөнеркәсіптік кешенге сүйенеді. Су үнемдеу технологияларын енгізу, кәсіпкерлікті дамыту және туризмді кеңейту арқылы ауданның экономикалық өсімі тұрақты жалғасып келеді.
Айта кетейік, Соңғы жылдары Түркістан облысында жүйелі басқару, ашықтық пен тиімді диалог принциптері орнығып, қоғамдық-саяси өмірде айтарлықтай ілгерілеу байқалуда. Бұл халықтың мәселесіне жедел ден қою, стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруда үлкен рөл атқаруда. Облыс әкімдігі мен жергілікті атқарушы органдардың, тиісті сала мамандарының бірлескен жұмысы ел Президенті қойған міндеттерге сай, Түркістанды тұрақты әрі дамыған өңірге айналдыру жолындағы нақты қадамдардың көрінісі саналады. Сонымен қатар, Түркістан – еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы облыстың стратегиялық маңызын арттыра түседі. Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара қарым-қатынас – достық және стратегиялық серіктестік қағидаттары негізінде дамып келеді және бұл бағытты екі елдің Президенттері айқындап берді. Түркістан –еліміздегі ауыл шаруашылығы дамыған өңір. Әсіресе, мақта – өңір экономикасының маңызды саласы. 2025 жылдың қорытындысымен жалпы құны 100,1 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобалар іске қосылған.


