Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАНДЫҚ ӨНЕРПАЗ «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА І ОРЫН ИЕЛЕНДІ

1 июля, 2026
in Жаңалықтар
0
САУРАНДЫҚ ӨНЕРПАЗ «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА І ОРЫН ИЕЛЕНДІ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданында өнер мен мәдениетті ұлықтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, шығармашыл жандарға қолдау көрсету – өңірдің мәдени дамуының басты бағыттарының бірі. Осындай игі бастамалардың нәтижесінде ауданның талантты өнерпазы кезекті шығармашылық байқауда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Бұл – өнер иесінің ғана емес, Сауран ауданының мәдениет саласының да зор жетістігі.

Нақтырақ айтсақ, ағымдағы жылдың 1 шілде күні Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Ұлттық домбыра күніне орай этнос жастары арасында «Үкілі домбыра» республикалық байқауы өтті. «Үкілі домбыра» республикалық байқауы – ұлттық өнердің ұлықталған алаңы!

Байқаудың басты мақсаты – этнос өкілдері арасында қазақ халқының ұлттық өнері мен мәдениетін кеңінен насихаттау, талантты жас домбырашыларды қолдау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Сонымен қатар, домбыра өнерін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру және талантты өнер иелеріне қолдау көрсету.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды өнерпаздар мен күйшілік дәстүрді жалғаған жас таланттар өзара бақ сынап, ұлттық өнердің өрісін кеңейтті. Республикалық байқауға талантты жастар қатысып, дәстүрлі ән, күй және терме жанрлары бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Осындай игі бастамалар ұлттық мәдениетімізді жаңғыртып, өскелең ұрпақтың төл өнерге деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні сөзсіз. Байқау барысында қатысушылардың орындаушылық шеберлігі мен сахна мәдениеті бағаланып, үздіктер арнайы марапатталды.

Түркістан төрінде өткен дәстүрлі «Үкілі домбыра» республикалық байқауы ұлттық өнерді дәріптеп, қазақтың қасиетті қара домбырасының қадір-қасиетін насихаттаған тағылымды мәдени шара болды. Домбыра – ұлттың үні, елдің рухы!

«Үкілі домбыра» республикалық байқауында Сауран ауданының талантты өнерпазы кезекті шығармашылық байқауда жоғары өнер көрсетіп, жүлделі орынға ие болды. Сауран ауданының тумасы Бектемирова Юлдуз жоғары деңгейдегі өнерімен ерекшеленіп, бірінші орынды иеленді. Бұл – Сауран ауданының  мәдениеті мен өнерінің мерейін үстем еткен айтулы жетістік. Бұл жеңіс – табанды еңбек пен шығармашылық ізденістің, сондай-ақ туған өңір мәдениетінің мерейін үстем еткені анық. Жас өнерпаздың жеңісі – еңбек пен таланттың, ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі. Бектемирова Юлдузды лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз. Ұлттық өнеріміз ұлықталып, домбыраның қасиетті үні әрдайым халқымыздың рухын асқақтата берсін.

Сауран өңірінің өнері өркендеп, дарынды жастарының жеңісі жалғаса берсін! Жеңімпазды лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, шығармашылық табыстарыңыз мол болсын! Сауранның өнері өркендеп, мәдениеті мәңгі жасай берсін!

 

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ЖАУШЫҚҰМ – ҚАЛҒАНСЫР ЖОЛЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі