Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Дәстүр

Түркістан: Ұлттық құндылықты сақтай отырып, туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

2 июля, 2026
in Дәстүр, Рухани құндылық
0
Белтемір – бабалар мұрасын жаңғыртқан ұлттық рухтың белгісі
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанның болашағы – оның тарихын сақтай отырып, заман талабына сай дамуына байланысты. Сондықтан бүгінде мұнда тек ғимараттар мен жолдар салып қана қоймай, қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы, тартымды әрі мазмұнды қоғамдық кеңістіктер қалыптастыруға басымдылық беріліп отыр. Қазіргі таңда Түркістан қаласында осындай маңызды бастамалардың бірі – «KÖNE ARBAT» туристік жобасын әзірленуде. Жоба аясында бүгінгі Арбат аумағы кеңейтіліп, толық жандандырылады. Мұнда көрме және экспозициялық залдар, кофеханалар, мәдени іс-шаралар өтетін ашық алаңдар, қазақстың ұлттық киімдерін насихаттайтын, көрмелер, реставрациялық шеберханалар, демалыс аймақтары мен сервистік нысандар орналастырылады. Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік беретін коммерциялық кеңістіктер, автотұрақтар мен жаяу жүргіншілерге қолайлы инфрақұрылым қарастырылған. Біздің мақсат – адамдар уақыт өткізгісі келетін, қайта оралғысы келетін ерекше қоғамдық кеңістік қалыптастыру. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, қазақ халқының болмысын туристерге дәріптеу. Сондықтан  «KÖNE ARBAT» тарихи Түркістанның рухын жоғалтпай, заманауи қалалық мәдениеттің жаңа орталығына айналады деп жоспарлануда. . Сонымен қатар, теміржол вокзалы маңын жаңаша сәулеттік шешіммен дамыту да жоспарланған. Өйткені Түркістанға келген әрбір қонақтың қала туралы алғашқы әсері дәл осы жерден басталады. Сондықтан бұл аумақтың сәулеті де, жайлылығы да тарихи шаһардың мәртебесіне рухани құндылықтарға сай болуы қажет.

Жалпы Түркістанның әрбір жаңа жобасы – қаланың ертеңіне салынған инвестиция. Түркістанның болашағы – оның бай тарихы мен ұлттық салт-дәстүрін сақтай отырып, заман талабына сай жаңғырып, тұрақты дамуына тікелей байланысты. Рухани мұраны ұлықтап, ұлттық құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізу – өңірдің өркендеуінің басты кепілі. Тарих пен дәстүр сабақтастығы сақталған жерде ғана дамудың даңғыл жолы қалыптасады.

Айта кетейік, Түркістанның болашағы – оның бай тарихи мұрасы мен ұлттық салт-дәстүрін сақтай отырып, заман талабына сай дамуына тікелей байланысты. Осы бағытта өңірде ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау және қалпына келтіру, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру, қолөнер мен дәстүрлі өнерді дамытуға қолдау көрсету – негізгі басымдықтардың бірі. Сонымен қатар, Түркістанда заманауи инфрақұрылым қалыптастырылып, жаңа тұрғын үйлер, білім беру және денсаулық сақтау нысандары, мәдениет және спорт кешендері бой көтеруде. Қаланы көгалдандыру, көлік және инженерлік желілерді жаңғырту, цифрлық технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстар да қарқынды жүргізіліп келеді.

Ұлттық болмысты сақтай отырып, туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен Түркістанның тарихи келбетін әлемге таныту арқылы өңірдің туристік әлеуеті артып, кәсіпкерлік пен экономиканың дамуына жаңа серпін берілуде. Тарихы терең, руханияты асқақ Түркістан – дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіре отырып, болашаққа нық қадам басып келеді. Бұл жұмыстар өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттырумен қатар, Түркістанды түркі әлемінің рухани әрі заманауи орталығы ретінде дамытуға бағытталған.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫН САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Келесі жаңалық

КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі