Воскресенье, 11 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Билік

КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

5 июля, 2026
in Билік, Қоғам, Әлеумет
0
КЕНТАУДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде елімізде  Мемлекеттік мекемелердің ақпараттық ашықтығын арттыру, халыққа уақытылы әрі сапалы ақпарат беру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып, мемлекеттік қызметкерлердің коммуникациялық дағдылары жетілдірілуде. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іс жүзінде жүзеге асырудың маңызды қадамдарының бірі.

Осыған орай Кентау қаласында қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қолдау, қоғамға бейімдеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау бағытындағы жобалар жүзеге асырылып, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы күшейтілуде.

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың қатысуымен, қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.  Жиынға қоғамдық кеңес мүшелері және тиісті сала басшылары қатысты. Жиында жер телімдерін тиімді игеру мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығына қатысты болды. Кәсіпкерлік бөлімінің мәліметіне сәйкес, қалада әлеуметтік дүкендер тұрақты жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ жекелеген кәсіпкерлермен және «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлескен жобалар аясында әлеуметтік бұрыштар ашылып, тұрақтандыру қорының өнімдері тұрғындарға ұсынылуда.

Кентау қаласында әлеуметтік дүкендер жүйесі халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қолжетімді бағамен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жоба ретінде жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда қалада бірнеше әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Онда әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауары нарықтағы бағадан төмен бағамен ұсынылады. Нан, ұн, қант, күріш, күнбағыс майы, картоп, пияз, сәбіз секілді күнделікті тұтынатын өнімдерге бағаны тұрақтандыру тетіктері енгізілген. Кейбір өнімдер нарық бағасынан 40–50%-ға дейін арзан сатылатыны хабарланған.

Әлеуметтік дүкендердің жұмысын кеңейту мақсатында Кентау қаласының әкімдігі мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жаңа павильондар ашу және оларды жалға алушыларды анықтау бойынша конкурстар өткізуде. Сонымен қатар, қала аумағында әлеуметтік дүкендер санын арттыру үшін жаңа жер телімдері бөлініп, қосымша сауда нүктелерін іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша  қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы А. Баубеков игерілмей жатқан жер телімдері мен кәсіпкерлік мақсатта берілген жер телімдеріне жүргізілген мониторинг нәтижелері жөнінде баяндады. Зерделенген жер учаскелерінің басым бөлігі игерілген, сонымен қатар ұзақ уақыттан бері бос жатқан жер телімдері де анықталғаны, ол бойынша түгендеу жұмыстары жалғасып жатқаны айтылды.

Әлеуметтік дүкендер арқылы бірінші сұрыпты ұн, нан, қарақұмық, күріш, күнбағыс майы, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, сүт өнімдері мен жұмыртқа сияқты негізгі тауарлар нарықтағы бағаға қарағанда төмен бағамен сатылып отыр. Аталған өнімдерді жеткізуге өңірдегі бірқатар өндіріс орындары мен тасымалдаушы ұйымдар тартылған. Бұл өз кезегінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ қала аумағындағы сауда орындарында бағаға тұрақты мониторинг жүргізіліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің сақталуы қатаң бақылауда екені айтылды. Нәтижесінде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға;  тұрғындардың азық-түлікке қолжетімділігін арттыруға;  аз қамтылған және әлеуметтік осал топтарды қолдауға; инфляцияның халыққа әсерін төмендетуге ықпал етуде.

Жиын соңында қала әкімі көтерілген барлық мәселелер тұрақты бақылауда болатынын атап өтіп, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берді. Әсіресе бос жатқан жер телімдерін заң талаптарына сәйкес қайта қарап, оларды экономикалық айналымға енгізу және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.

Жалпы, Кентау қаласында жүргізіліп жатқан жұмыстардың басты мақсаты – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету және әрбір азаматтың пікіріне құлақ асатын, әділетті қоғам қалыптастыру.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан: Ұлттық құндылықты сақтай отырып, туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

Келесі жаңалық

АЛМАТЫДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ АЯСЫНДА КЕНТАУ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЛІССӨЗДЕР ӨТКІЗДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі