Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Дәстүр

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» – ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ҰЛЫҚТАЙТЫН МӘДЕНИ АЛАҢ

5 июля, 2026
in Дәстүр, Жаңалықтар
0
«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» – ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ҰЛЫҚТАЙТЫН МӘДЕНИ АЛАҢ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Қадырболат Қабдірұлы Мұсағалиев мырзаны арнайы сұхбатқа шақырдық.

  1. Қайырлы күн! Сұхбатқа келіскеніңізге рахмет. Қадырболат Қабдірұлы Түркістан қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Өнерлі өлке» фестивалі бүгінде тұрғындар мен қонақтар асыға күтетін мәдени шаралардың біріне айналды. Ең алдымен, фестивальдің басты мақсаты қандай? Ойыңызды айта өтсеңіз?
  • Рахмет! «Өнерлі өлке» фестивалінің негізгі мақсаты – халқымыздың сан ғасырлық мәдени мұрасын, салт-дәстүрін, ұлттық өнерін кеңінен насихаттау. Түркістан – түркі дүниесінің рухани астанасы. Сондықтан мұнда өтетін әрбір мәдени шара ұлттық болмысымызды танытып, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға қызмет етуі тиіс. Бұл фестиваль – ұлттық құндылықтарды дәріптейтін маңызды рухани алаң.
  1. Фестивальде қазақтың салт-дәстүрі қалай дәріптеледі?

— Фестиваль аясында ұлттық киім үлгілері, қолөнер көрмелері, дәстүрлі ән мен күй, жыр-терме, айтыс, халық билері, ұлттық ойындар кеңінен насихатталады. Сонымен қатар, беташар, бесікке салу, тұсаукесер секілді тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрлер сахналанып көрсетіледі. Бұл – жастарға ата-баба мұрасын танытудың тиімді жолы.

  1. Түркістанның тарихи ерекшелігі фестиваль мазмұнында қалай көрініс табады?

— Түркістан – қазақ халқының рухани өзегі. Түркістан – қазақ халқының рухани астанасы. Сондықтан ұлттық рухты көтеру біздің басты міндеттеріміздің бірі. Жыл бойы халқымыздың мәдени мұрасын дәріптейтін әдеби-мәдени кештер, ұлттық өнер фестивальдері, дәстүрлі музыка кештері, тарихи-танымдық көрмелер, қолөнер жәрмеңкелері мен жастарға арналған тағылымдық кездесулер тұрақты түрде өткізіледі. Бұл іс-шаралар ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіруге бағытталған. Сондықтан фестиваль бағдарламасында көне шаһардың тарихы, ұлы тұлғалардың мұрасы, ұлттық мәдениетіміздің даму жолы ерекше дәріптеледі. Өнер арқылы біз өткенімізді бүгінгі ұрпақпен байланыстырып, тарихи жадымызды жаңғыртамыз.

  1. Жастардың ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттыру үшін қандай жұмыстар атқарылуда?

— Жастардың қатысуымен шығармашылық байқаулар, ұлттық аспаптарда орындаушылар сайысы, шеберлік сағаттары, этно-көрмелер ұйымдастырылады. Сонымен бірге әлеуметтік желілер арқылы ұлттық мәдениетті заманауи форматта насихаттап келеміз. Мақсатымыз – жастардың өз тарихын, мәдениетін мақтан тұтатын ұрпақ болып қалыптасуына ықпал ету.

  1. Фестивальге қолөнер шеберлерінің қатысуының маңызы қандай?

— Қазақтың қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымының айнасы. Киіз басу, кілем тоқу, зергерлік өнер, ағаш және тері өңдеу сияқты дәстүрлі кәсіптердің көрсетілуі ұлттық мұраны сақтауға және кейінгі буынға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл шеберлердің еңбегін насихаттап қана қоймай, ұлттық кәсіптің дамуына серпін береді.

  1. Түркістан қаласы бұл фестивальге жыл сайын қандай дайындықпен келеді?

— Біз фестивальге бірер апта емес, бірнеше ай бұрын дайындықты бастаймыз. Арнайы шығармашылық топ құрылып, сценарий әзірленеді, режиссерлік шешімдер қаралады. Қаладағы мәдениет үйлері, шығармашылық ұжымдар, әншілер, бишілер, күйшілер, театр әртістері, фольклорлық ансамбльдер және қолөнер шеберлері түгел жұмылдырылады. Жыл сайын фестивальге жаңа идеямен келуді мақсат етеміз. Әр бағдарламада Түркістанның тарихын, қасиетті мекен ретіндегі ерекшелігін, қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық өнерін тың мазмұнда көрсетуге күш саламыз. Сондықтан дайындық барысында архивтік деректер мен тарихи материалдар да зерделеніп, этнограф мамандардың пікірлері ескеріледі.

  1. Фестивальдің туризмді дамытудағы рөлі қандай?

— Бүгінде Түркістанға келетін туристер тек тарихи ескерткіштерді ғана емес, қазақ халқының төл мәдениеті мен салт-дәстүрін де көруге қызығады. «Өнерлі өлке» фестивалі – сол мәдени байлығымызды әлемге танытатын маңызды алаңдардың бірі. Мұндай шаралар қаланың туристік тартымдылығын арттырып, ұлттық мәдениетіміздің халықаралық деңгейде танылуына ықпал етеді.

  1. Фестивальдің келешектегі даму бағыты қандай болады?

— Алдағы уақытта фестивальдің ауқымын кеңейтіп, халықаралық деңгейге шығаруды көздеп отырмыз. Түркі халықтарының мәдени байланысын нығайтып, ұлттық өнердің үздік үлгілерін бір сахнада тоғыстыру – басты мақсатымыздың бірі. Сонымен қатар, жастардың қатысуын арттырып, дәстүр мен заманауи өнердің үйлесімін дамытуға ерекше көңіл бөлетін боламыз.

  1. Түркістан тұрғындарына қандай тілегіңіз бар?

— Ұлттық құндылықтар – халқымыздың мәңгілік қазынасы. Әрбір азамат ата-баба мұрасын құрметтеп, салт-дәстүрімізді сақтауға үлес қосса, рухани тамырымыз ешқашан үзілмейді. Барша тұрғындарды «Өнерлі өлке» фестиваліне қатысып, ұлттық өнерімізді бірге ұлықтауға шақырамын.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТҚА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі