Воскресенье, 25 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТҚА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ

5 июля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет
0
ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТҚА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының жас өнертапқыштары Almaty Tech Cup XII халықаралық технофестивалінде жоғары нәтиже көрсетіп, өңірдің технологиялық әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. 30 маусым – 1 шілде күндері Алматы қаласында өткен Almaty Tech Cup XII: Age of AI халықаралық чемпионаты – робототехника, инженерия, жасанды интеллект, дрон технологиялары, киберқауіпсіздік және басқа да заманауи технологиялық бағыттарды тоғыстырған ірі STEM алаңы болды. Биыл фестивальге 3 мыңнан астам қатысушы қатысып, 14 технологиялық бағыт бойынша бақ сынады.

Байрақты бәсекеде Түркістан облысының оқушылары өз білімдері мен инженерлік қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Робототехника, инженерия және жасанды интеллект бағыттарында бақ сынаған өңіріміздің дарынды оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, халықаралық чемпионаттарға жолдамалар, беделді марапаттар мен университеттердің толық білім гранттарын иеленді.

Байрақты бәсекеде Қазығұрт ауданының Qazygurt, Төлеби ауданының Tólebi Daryn және Barni, Сарыағаш ауданының SilkWayBots, Түркістан қаласының 33Tur Robotics пен TurAndroid командалары халықаралық чемпионатқа жолдама жеңіп алды. Сонымен қатар бірқатар командалар FIRST LEGO League бағдарламасының түрлі аталымдары бойынша арнайы марапаттарға ие болып, облыс намысын абыроймен қорғады.

Жарыс қорытындысында Төлеби ауданының Tólebi Daryn командасының капитаны Сматилла Нұрислам Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің толық білім грантын жеңіп алса, Қазығұрт ауданындағы Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Давронбек Гүлмира Hour of AI бағыты бойынша үздік нәтиже көрсетіп, Қазақ жасанды интеллект зерттеу университетінің толық білім грантына ие болды. Сондай-ақ Түркістан қаласының оқушысы Абай Нұрдәулет Бахытұлы RoboCup Soccer бағыты бойынша күміс жүлдені жеңіп алды.

Нәтижесінде Түркістан облысының 6 командасы халықаралық чемпионатқа жолдама алып, 2 оқушы толық білім грантын жеңіп, халықаралық деңгейдегі беделді жарыста өңірдің әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл – оқушылардың табанды еңбегі мен талпынысының, жаттықтырушылар мен жетекшілердің кәсібилігінің және ата-аналардың қолдауының жемісі. Бүгінде технологиялық білім беру – болашақ мамандарды даярлаудың маңызды бағыты. Робот құрастыру, оны бағдарламалау, инженерлік шешім әзірлеу, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану сияқты дағдылар балалардың тек техникалық сауатын ғана емес, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін, командалық жұмысын және нақты мәселені шешу қабілетін қалыптастырады.

Almaty Tech Cup XII алаңында Түркістан облысының алты командасының халықаралық деңгейге жолдама алуы – өңір жастарының ел көлеміндегі бәсекеде ғана емес, халықаралық аренада да өз мүмкіндігін көрсетуге дайын екенін аңғартады. Түркістан облысының жас инженерлері мен өнертапқыштары алдағы халықаралық чемпионаттарда Қазақстанның көк Туын әлемдік аренада биікке көтеріп, ел абыройын асқақтата беретініне сенім мол!   Барша жеңімпаздарды, олардың жетекшілері мен ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз.

Ендігі кезекте қазығұрттық жас өнертапқыштар халықаралық чемпионаттарда Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Бұл – өңірде білімді, технологияны меңгерген, жаңашыл ойлайтын жас ұрпағы қалыптасып келе жатқанының айқын көрінісі.

Жасанды интеллект дәуірінде білім мен инновацияға инвестиция салу – елдің болашағына инвестиция салу. Қазығұрттық  жас дарындардың бұл жетістігі – ұстаздардың еңбегінің, ата-аналардың қолдауының және оқушылардың табандылығының жемісі.

Айта кетейік, Қазығұрт ауданында цифрландыруды дамыту, заманауи технологияларды енгізу және инновациялық шешімдерді қолдану бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінде цифрлық технология – халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыратын ғана емес, ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуына серпін беретін маңызды құрал. Осыған байланысты мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, ақпараттық жүйелердің тиімділігін арттыру, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын көтеру бағыттарына басымдық берілуде.  Жасанды интеллект – жаңа кезеңнің мүмкіндігі. Сондықтан, жасанды интеллект технологияларын мемлекеттік басқару, білім беру, әлеуметтік сала, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бағыттарында тиімді пайдалану – уақыт талабы.

Қазығұрт ауданында да жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін зерделеу, оларды жұмыс үдерістеріне енгізу және жастардың IT саласына қызығушылығын арттыруға бағытталған бастамаларға мән берілуде. Цифрлық орта қалыптастырумен қатар, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасау, жаңа технологияларды тәжірибеге енгізу, кәсіпкерлік субъектілерінің цифрлық мүмкіндіктерін кеңейту маңызды.

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – «ақылды» әрі технологиялық тұрғыдан дамыған аудан қалыптастыру, басқару тиімділігін арттыру және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жаңа деңгейге көтеру. Қазығұрттың жаңа технологияларды меңгерген жастары, цифрлық сауатты тұрғындары, инновацияға бейім кәсіпкерлері – ауданның жаңа даму кезеңінің басты қозғаушы күші. Цифрлық технологияны игеру – уақыт талабына бейімделу ғана емес, болашақты бүгіннен қалыптастыру.

 

Алдыңғы жаңалық

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» – ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ҰЛЫҚТАЙТЫН МӘДЕНИ АЛАҢ

Келесі жаңалық

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА «КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТІП, ДӘУЛЕСКЕР КҮЙШІЛЕР ТЫНДАРМАН РУХЫН ОЯТТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі