Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Дәстүр

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА «КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТІП, ДӘУЛЕСКЕР КҮЙШІЛЕР ТЫНДАРМАН РУХЫН ОЯТТЫ

6 июля, 2026
in Дәстүр, Рухани құндылық, Қоғам
0
ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА «КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТІП, ДӘУЛЕСКЕР КҮЙШІЛЕР ТЫНДАРМАН РУХЫН ОЯТТЫ
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақ халқының ұлттық өнері – ұлттың рухани байлығы мен мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Ол ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, халқымыздың дүниетанымын, салт-дәстүрін және өмір салтын айқын көрсетіп келеді. Соның бірі,  Домбыра өнері – қазақ халқының ең қастерлі музыкалық мұрасы. Күй мен терме, жыр-дастандар ұлттық өнердің алтын қазығы саналады. Осыған орай, Ұлттық домбыра күнінде Түркістан қаласындағы «Керуен-сарай» туристік кешенінде республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауының финалдық кезеңі жоғары деңгейде өтті. Қазақтың қасиетті қара домбырасы ұлықталған тағылымды кешке еліміздің әр өңірінен белгілі күйшілер, өнер майталмандары жиналды. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты, қазақ халқының болмысын және Ұлттық өнердің мерейін асқақтатқан мәдени іс-шараға Түркістан облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жұртшылықты Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.

– Ардақты күйшілер! Түркістан төрінде бастау алған бүгінгі айтулы іс-шараға қош келдіңіздер! Өздеріңізге белгілі, шілде айының алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күні. Президентіміздің бастамасымен жарияланған бұл мереке – ұлттық болмысымыздың айғағы. Осы мереке аясында ұйымдастырылып отырған «Күй құдіреті» республикалық күйшілер байқауы – рухани құндылықтарды нығайтатын,  рухани өміріміздегі елеулі оқиға. Бұл өнер додасы еліміздің демократиялық дамуындағы ең маңызды кезеңдермен тұспа-тұс келіп отыр. Біріншіден, 1 шілдеден бастап Жаңа Конституциямыз заңды күшіне енді. Заң үстемдік құрған, бірлігі бекем ел ғана өзінің ұлттық құндылықтарын сақтап, мәдениеті мен өнерін жаңа деңгейге көтере алады. Екіншіден, еліміздің бас қаласы, айбынды елордамыз – Астана күні мерекесінің қарсаңында тұрмыз. Айтулы мерекелерде күйшілер байқауының өтуі – біз үшін үлкен мақтаныш. Халықтың рухани байлығы оның өнерімен өлшенеді. Ал қазақтың рухын ғасырлар бойы асқақтатып келе жатқан киелі мұраның бірі – күй өнері. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай: «Қос ішектің үніне бүкіл тарихымыз, ұлттық болмысымыз сыйып тұр. Күй — қазақтың қасиетті шежіресі». Осы ұлы дәстүр кейінгі буынмен жалғасты. Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінен келген жиырмадан астам дарынды күйші өз өнерлерін ортаға салады. Осындай байқаулар таланттарды танытып қана қоймай, ұлттық өнердің өрісін кеңейтеді.Түркістан облысында айтыс, терме, дәстүрлі ән, күй өнері және өзге де ұлттық құндылықтарды насихаттайтын ауқымды жобалар тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Өйткені рухани құндылығы мықты елдің іргесі де берік болады. Қасиетті домбыраның үні үзілмесін, күй құдіреті баршаңызға күш-жігер сыйласын! – деді Ертай Алтаев.

Түркістан төрінде қазақтың қасиетті қара домбырасы ұлықталып, күй өнерінің құдіреті кеңінен насихатталды. Сахнада Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Сүгір» атындағы ұлт аспаптар оркестрі, Қазақстанның халық әртісі Айгүл Үлкенбаева, күйші-композитор Ғаламат Бейсеқожа және күйші Шыңғыс Исаев өнер көрсетіп, көрерменнің рухын көтерді. Сонымен бірге Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.

Кештің шарықтау шегі – республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауының финалдық кезеңі болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен іріктеліп келген жиырмадан астам дарынды күйші өзара бақ сынап, қазақтың күйшілік дәстүрін жоғары деңгейде дәріптеді. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Алматы қаласының өкілі Іңкәр Күзембай иеленді. І орынды Нұрәли Саятұлы (Алматы қаласы) жеңіп алса, ІІ орын Бекнұр Әбдіжәлилге (Астана қаласы) және Жантілек Жұмагелдиевке (Атырау облысы) бұйырды. ІІІ орынды Асылбек Жорабеков (Атырау облысы),Оңғар Дәулет (Шымкент қаласы) және Тұрсын Арсен (Алматы қаласы) иеленді. Сонымен қатар, Төлеген Момбеков және Сүгір Әліұлы атындағы арнайы жүлделердің иегерлері мен дипломанттар анықталып, барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Ұлттық домбыра күні аясында өткен республикалық байқау күй өнерінің мерейін үстем етіп қана қоймай, Түркістанның қазақтың төл мұрасы мен руханиятын тоғыстырған маңызды орталық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді

Қазақтың ұлттық өнері – өткен мен бүгінді жалғайтын алтын көпір. Оны дәріптеу, сақтау және кейінгі ұрпаққа жеткізу – әрбір азаматтың ортақ парызы. Ұлттық өнеріміз ұлтымыздың мәдени келбетін айқындап, ел бірлігі мен рухани құндылықтарының мәңгілік символы болып қала береді.

Айта кетейік, Ұлттық өнердің негізгі бағыттары:  Домбыра өнері, Қолөнер – киіз басу, текемет пен сырмақ жасау, алаша тоқу, ағаш ою, сүйек өңдеу және былғары бұйымдарын жасау сияқты шеберлік түрлерін қамтиды. Зергерлік өнер, Ою-өрнек өнері – ұлттық киімдерде, киіз үй жабдықтарында және тұрмыстық бұйымдарда кеңінен қолданылатын ерекше көркем нақыш. Ұлттық би өнері, Айтыс өнері – ақындардың суырыпсалма сөз сайысы ретінде халқымыздың шешендігі мен тапқырлығын танытатын ерекше өнер.

Қазақ халқының ұлттық өнері – ұлттың рухани байлығы мен мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Ол ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, халқымыздың дүниетанымын, салт-дәстүрін және өмір салтын айқын көрсетіп келеді.

Алдыңғы жаңалық

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТҚА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ

Келесі жаңалық

КЕНТАУДА ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі