Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУДА ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

6 июля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет
0
КЕНТАУДА ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында қала әкімдігі жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. Жиынды Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов жүргізді.

Отырыс барысында нашақорлықтың алдын алу, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылды күшейту, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.

  • Бүгінгі ведомствоаралық штаб отырысында қоғам қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды мәселе – нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл шараларын қарастырамыз. «Адал азамат» тұжырымдамасы – әділетті қоғам құрудың, ел бірлігін нығайтудың және жауапты азаматтық мәдениетті қалыптастырудың маңызды негізі. Оның басты мақсаты – заңды құрметтейтін, еңбекқор, білімді, отаншыл, жауапкершілігі жоғары және қоғам игілігі үшін қызмет ететін азаматтарды тәрбиелеу. Негізгі мақсаты – халықтың үніне құлақ асып, тұрғындарды толғандырған мәселелерге дер кезінде әрі нақты әрекет ету. Осы қағидат аясында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жастарды зиянды әдеттерден қорғау және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту – біздің басты міндетіміз. Есірткіге қарсы күрес – құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық мемлекеттік мекемелердің, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының, ата-аналардың, қоғамдық ұйымдардың және бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Біздің мақсатымыз – құқық бұзушылықтың салдарымен ғана күресу емес, оның алдын алуға басымдық беру. Әсіресе жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізіп, салауатты өмір салтын насихаттау, қауіптің алдын алатын тиімді тетіктерді қалыптастыру қажет. Бүгінгі отырыста әрбір жауапты мекеме өз бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы кезеңге нақты міндеттерді айқындаймыз. Қабылданатын шешімдердің барлығы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталуы тиіс,-деді Жандос Тасов.

Күн тәртібіне сәйкес, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұр Байболова нашақорлыққа қарсы және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 2026 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы баяндама жасады.

Мәдениет саласында 2026 жыл басынан бастап нашақорлықтың алдын алу мақсатында 18 іс-шара ұйымдастырылып, оған 876 адам қамтылған.  Атап айтсақ, қаңтар айында Ащысай ауыл клубында «Дені саудың жаны сау» атты нашақорлықтың алдын алу мақсатында мектеп оқушылармен кездесу, Қарнақ ауыл клубында «Есірткіге жол жоқ!» дөңгелек үстел,  Байылдыр ауыл клубында «Өміріңді таңда- есірткіден бас тарт!» дөңгелек үстел, Хантағы ауыл клубында  «Таза өмір-бақыт кілті» нашақорлыққа қарсы ауыл жастарымен дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараларда өнерпаздар қатысып, баяндамалар жасалған.

Сонымен қатар, ақпан айында есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында Байылдыр ауыл клубында «Денсаулық — ең қымбат байлық» үйірме қатысушыларымен және Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Есірткісіз өмір- жарқын болашақ» қала жастарының қатысуымен тақырыптарында мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін концерттік бағдарлама, тәрбиелік мәні бар қойылым көрсетіліп және пікірталас ұйымдастырылды. Іс-шараға қалалық емхананың наркологы қатысқан. Сәуір айында Қарнақ ауыл клубында  «Өмірді таңда есірткіден бас тарт» үйірме қатысушыларымен дөңгелек үстел,  Хантағы ауыл клубында  «Есірткіге жол жоқ» нашақорлыққа қарсы ауыл жастарымен сайыс өткізілген.

Бұдан өзге, мамыр айында Ащысай ауыл клубында  «Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу – міндет»   зиянды әдеттерден аулақ болу мақсатында       іс-шара өткен.

Сонымен қатар, Байылдыр ауылы әкімінің міндетін атқарушы Саден Сопбеков нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу бойынша 2026 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады. Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында жастар арасында атқарылған жұмыстар және алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Азат Сұлтан баяндама жасады.

Жиын барысында қала прокурорының орынбасары Файзулла Тұрымов жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, мәдени және спорттық іс-шаралардың санын арттыру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында жауапты мамандардың қатысуымен профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде өткізу қажеттігі туралы ұсыныс білдірді. Жиын қорытындысы бойынша Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов тиісті мекеме басшыларына нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жұмыстарын күшейту, жастармен жүргізілетін алдын алу шараларын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Жауапты мекемелерге профилактикалық іс-шараларды күшейту, халықпен кері байланысты арттыру, тұрғындардан келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарға жедел ден қою, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту бойынша нақты тапсырмалар беріледі.

Бірлескен әрі үйлесімді жұмыстың нәтижесінде ғана біз есірткіге қарсы тиімді тосқауыл қойып, жас ұрпақтың денсаулығы мен болашағын қорғай аламыз.

Айта кетейік, «Адал азамат» қағидаттары әрбір адамның күнделікті өмірінен басталады. Өз міндетін адал атқару, қоғамға жанашырлық таныту, айналасына үлгі болу – өркениетті әрі қуатты мемлекеттің берік іргетасы. Әділетті Қазақстанды құру жолында әрбір азаматтың адалдығы, жауапкершілігі мен отансүйгіштігі – елдің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының кепілі.

Алдыңғы жаңалық

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА «КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТІП, ДӘУЛЕСКЕР КҮЙШІЛЕР ТЫНДАРМАН РУХЫН ОЯТТЫ

Келесі жаңалық

САУРАНДА ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі