Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАНДА ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

7 июля, 2026
in Жаңалықтар
0
САУРАНДА ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданының әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Бөкебаевтың төрағалығымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша мәжіліс өтті.  Жиын барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Қалеке және мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат берді.

Қазіргі таңда, Сауран ауданынының мәдениет саласында 5 мәдениет үйі, 10 ауылдық клубта 89 қызметкер өз жұмысын атқаруда. Бұл туралы жиында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова баяндады.

Бабайқорған ауылынан 150 орындық клуб пен кітапхана салынып және де Қарашық ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп ел игілігіне пайдалануға берілді. Алдағы уақытта аудан орталығы Шорнақ ауылынан 500 орындық мәдениет сарайы қолданысқа беріледі. 2026 жылға аудандық мәдениет үйіне қарасты Жүйнек ауылдық мәдениет үйі, Нұртас, Теке, Қаражон, Сауран ауылдық клубтарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында проектілері жасалынып, әзірленуде.   Ауданда 2 спорт клуб, 2 облыстық БЖСМ мен 4 жекеменшік спорт мектебі жұмыс жасайды. Сонымен қатар, бөлімге қарасты «Бұқаралық және спорт түрлерін дамыту» клубындағы спорт нұсқаушылар ауданымыздағы жалпы білім беретін мектептердегі 9150 баланы спорттық үйірмелермен қамтып отыр.  Ауданымызда 2 спорт клубы бар. Тоқтала кетсек, «Сауран спорт клубы», «Бұқаралық спорт түрлерін дамыту» бойынша қазіргі таңда  612 жаттығушы және 42 қызметкер бар. Спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында тамыз айында аудан орталығы Шорнақ ауылында «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында салынған спорт кешен мен Майдантал ауылдық округі Ынталы елді мекеніндегі спорт кешені  халық игілігіне беру жоспарлануда. «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде» 37 штат бірлік бар. Кітап қоры 319 340-ды құрайды,-деді Сауран аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова.

Кездесу барысында діни экстремизмнің алдын алу, қоғамда тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді сақтау бағытындағы жұмыстар талқыланып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.

Айта кетейік, Сауран ауданында бүгінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін орнықтыру, этнос өкілдерінің ана тілдерін сақтау және үштілділікті дамыту бағытында жүйелі әрі мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңның 21-бабына енгізілген соңғы ресми өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік тілде жазылуына байланысты орын алған кемшіліктерді жою мақсатында, Сауран аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» тарапынан аудан және ауылдық округтер аумағында жыл басынан бері 5 ауылдық округ, оның ішінде 10 ауылға көрнекі ақпараттар мен деректемелерге мониторингтік жұмыстар жүргізіліп, 3 ауылдан кемшіліктер табылып, 1 реттік ескерту беріліп қазіргі таңда түзету жұмыстары жүргізілуде.

Сауран ауданы бойынша ағымдағы жылдың 6 айында заң талаптарына сәйкес келмейтін сыртқы жарнамаларды ретке келтіру бағытында жұмыстар қарқынды.

Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округ аумағында сыртқы көрнекі ақпараттар мен заң талаптарына сәйкес келмейтін сыртқы жарнамаларды ретке келтіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Биылғы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша аудан көлемінде 27 дана заң талаптарына сәйкес келмейтін сыртқы жарнама анықталды. Анықталған нысандар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 18 нысан иесіне ескерту берілген. Нәтижесінде 14 дана сыртқы жарнама жаңартылып, талапқа сәйкестендірілді. Кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ауылдық округтер деңгейінде 4 кездесу ұйымдастырылып, сыртқы жарнамаларды орналастыру талаптары мен көрнекі ақпараттардың заңнамаға сәйкестігі түсіндірілген. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 3 семинар өткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда аудан аумағының сәулеттік келбетін жақсарту, заң талаптарына сәйкес келмейтін сыртқы жарнамаларды азайту және кәсіпкерлік нысандардағы көрнекі ақпараттарды біріздендіру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУДА ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Келесі жаңалық

АЛМАТЫДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ АЯСЫНДА КЕНТАУ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЛІССӨЗДЕР ӨТКІЗДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі