Кітап – ұлттың рухани қазынасы, ой – сананың шамшырағы, ал шабыт – жасампаздықтың бастауы. Түркістанда «Қолөнершілер қалашығы» кешенінде өткен «Кітап. Ой. Шабыт» атты әдеби-мәдени кеш – ұлттық руханиятты дәріптеп, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды рухани шаралардың бірі болды.
Түркістан – ғасырлар бойы қазақ руханиятының алтын бесігі, ұлттың мәдениеті мен әдебиетінің қайнар көзі саналған киелі мекен. Осындай қасиетті өлкеде өткен «Кітап. Ой. Шабыт» атты әдеби-мәдени кеш – ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеп, кітаптың қоғамдағы орны мен маңызын насихаттаған тағылымды басқосу болды. Кітап – ұлттың рухани жады, тарихы мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін асыл мұра. Кітап оқу арқылы адам дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін дамытады, ұлттық болмыс пен салт-дәстүрдің қадірін терең түсінеді. Сондықтан мұндай әдеби-мәдени кештер жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін де нығайтады. Іс-шара барысында кітап оқу мәдениетін дәріптеу мен оқырмандардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында бірнеше мазмұнды алаң жұмыс істеді.
«Кітапханашы оқиды» алаңында Отырар, Сауран, Түркістан қаласы және Кентау өңірлерінен келген кітапханашылар қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Төлен Әбдіктің «Қонақтар» повесі мен әлем әдебиетінің танымал қаламгері Халед Хоссейнидің «Жарқыраған мың күн» романын талқылап, шығармалардың идеялық мазмұны, кейіпкерлер әлемі және көтерілген өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Әдеби кешке Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Бекбол Аманжол Бақытжанұлы арнайы қатысып, кітапхана қызметкерлері әзірлеген кітап көрмесімен танысып, іс-шараның өту барысын тамашалады.
- Кітап – ұлттың рухани қазынасы, ой – сананың шамшырағы, ал шабыт – жасампаздықтың бастауы. Түркістанда өткен «Кітап. Ой. Шабыт» атты әдеби-мәдени кеш – ұлттық руханиятты дәріптеп, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды рухани шаралардың бірі болды. Түркістан – ғасырлар бойы қазақ руханиятының алтын бесігі, ұлттың мәдениеті мен әдебиетінің қайнар көзі саналған киелі мекен. Осындай қасиетті өлкеде өткен «Кітап. Ой. Шабыт» атты әдеби-мәдени кеш – ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеп, кітаптың қоғамдағы орны мен маңызын насихаттаған тағылымды басқосу. Кітап – ұлттың рухани жады, тарихы мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін асыл мұра. Кітап оқу арқылы адам дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін дамытады, ұлттық болмыс пен салт-дәстүрдің қадірін терең түсінеді. Сондықтан мұндай әдеби-мәдени кештер жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін де нығайтады. Түркістанда ұйымдастырылған бұл кеште әдебиет пен өнер үндесіп, зиялы қауым, ақын-жазушылар мен жастар рухани кеңістікте еркін пікір алмасып, ұлттық мұраның мәні мен маңызын кеңінен насихаттады. Бұл – кітап арқылы ойды ұштап, шабытты шыңдап, елдің рухани әлеуетін арттыруға бағытталған игі бастама. Рухани бай қоғам ғана болашаққа нық қадам басады. Сондықтан кітапқа құрмет – білімге құрмет, ал білімге құрмет – ұлттың жарқын келешегіне жасалған инвестиция. Осындай тағылымды іс-шаралар Түркістанның рухани орталық ретіндегі мәртебесін одан әрі айқындап, ұлттық құндылықтарды сақтап, кейінгі ұрпаққа аманат ету жолындағы маңызды қадам болып қала береді,-деді Аманжол Бақытжанұлы.
«Саз өнерінің сырлы әлемі» алаңында «Атамұра» қыш-құмыра жасау үйірмесінің шеберлері келушілерге шеберлік сағатын өткізіп, қатысушылар ұлттық рухани құндылығымыз саз-балшықтан құмыра жасап, ұлттық қолөнердің қыр-сырымен танысты.

«Балалықтың ғажайып әлемі» балалар алаңында бүлдіршіндер Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» шығармасын талқылап, шығарма желісі бойынша сурет салу сайысына қатысып, шығармашылық қабілеттерін шыңдады. Ал, «Кітап. Кофе. Поэзия» алаңында поэзия оқыған қатысушыларға тегін кофе ұсынылып, еркін форматтағы әдеби орта қалыптасты.
Түркістанда ұйымдастырылған бұл кеште әдебиет пен өнер үндесіп, жастар рухани кеңістікте еркін пікір алмасып, ұлттық мұраның мәні мен маңызын кеңінен насихаттады. Бұл – кітап арқылы ойды ұштап, шабытты шыңдап, елдің рухани әлеуетін арттыруға бағытталған игі бастама. Рухани бай қоғам ғана болашаққа нық қадам басады. Сондықтан кітапқа құрмет – білімге құрмет, ал білімге құрмет – ұлттың жарқын келешегіне жасалған инвестиция. Осындай тағылымды іс-шаралар Түркістанның рухани орталық ретіндегі мәртебесін одан әрі айқындап, ұлттық құндылықтарды сақтап, кейінгі ұрпаққа аманат ету жолындағы маңызды қадам болып қала береді.


