Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУДА 2026–2027 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 июля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет
0
КЕНТАУДА 2026–2027 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысына арналған жұмыс мәжілісі өтті.

Жиында Кентау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Айдар Ерубаев баяндама жасады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Кентау қаласында жылу желілерінің дайындығы, қайта жаңғырту жобаларының орындалуы, көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың қысқы маусымға әзірлігі туралы баяндалды.

  • Бүгін біз алдағы жылыту маусымына дайындық барысын пысықтау үшін жиналып отырмыз. Қыс мезгіліне дайындық – тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне тікелей әсер ететін аса маңызды жұмыс. Сондықтан бұл мәселе әрбір жауапты мекеменің ерекше бақылауында болуы тиіс.

Барлық атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы маған тұрақты түрде есеп беріліп отырсын. Жылыту маусымы басталғанға дейін анықталған барлық кемшіліктер толық жойылуы қажет.Біздің басты міндетіміз – Кентау қаласының тұрғындарын қыс мезгілінде үздіксіз әрі сапалы жылумен қамтамасыз ету. Сондықтан әрбір жауапты тұлға өзіне жүктелген міндетке жоғары жауапкершілікпен қарап, жұмысты белгіленген мерзімде сапалы орындауы қажет. Осы тапсырмалардың орындалуын жеке бақылауымда ұстаймын,-деді қала әкімі Жандос Тасов.

Мәжіліс барысында магистральдық және ішкі орам жылу желілерін жаңғырту, анықталған ақауларды жою, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының дайындығы, сондай-ақ көмір қоры мәселелері қаралды. Басқосу барысында,  жылу қазандықтарының, жылу желілерінің және инженерлік инфрақұрылымның дайындық деңгейін толық қамтамасыз ету қажеттігі сөз болды. Барлық жоспарланған жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқталуы тиіс. Сонымен қатар, қала басшысы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік нысандардың қысқа дайындығын күн сайын бақылауда ұстауды тапсырды. Ешбір мекеме жылыту маусымын дайындықсыз қарсы алмауы керек. Коммуналдық қызметтер көмір мен қажетті отын қорын уақытылы жинақтап, апаттық жағдайлардың алдын алу үшін арнайы техника мен авариялық бригадалардың толық әзірлігін қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

  • «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша қаламызда атқарылып жатқан барлық жұмыстардың барысы тұрғындар назарына тұрақты түрде ұсынылып, халықтың ұсыныстары мен пікірлері ескеріліп келеді. Сапалы инфрақұрылым – тұрғындардың жайлы өмірі мен Кентаудың тұрақты дамуының кепілі. Сондықтан, тұрғын үйлердің жылыту жүйелерін сығымдау, жуу және техникалық тексеру жұмыстарын тұрғын үй басқарушы ұйымдармен бірлесіп жедел аяқтау қажет. Әрбір көпқабатты тұрғын үйдің дайындығы жеке бақылауға алынсын. Сонымен қатар, жауапты бөлім басшыларына тұрғындардан түсетін өтініштер мен ұсыныстарға жедел ден қоюды тапсырамын. Әр мәселе дер кезінде шешімін табуы тиіс,-деді қала әкімі .

Жиын қорытындысында жауапты мекемелерге жылыту маусымына дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде толық аяқтап, барлық нысандардың қысқы кезеңге сапалы әрі уақытылы әзірлігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Алдыңғы жаңалық

ҚАЛА ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Келесі жаңалық

«КІТАП. ОЙ. ШАБЫТ» ӘДЕБИ-МӘДЕНИ КЕШІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі