Воскресенье, 11 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Билік

ҚАЛА ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

10 июля, 2026
in Билік, Жаңалықтар
0
КЕНТАУДА – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА!
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әділетті Қазақстанды құру – тек саяси реформалармен шектелмейтін, әр азаматтың күнделікті өміріне оң өзгеріс әкелуге бағытталған маңызды міндет. Кентау қаласында да осы бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Ең басты басымдық – халықтың әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік мәселелерді шешу және азаматтардың өтініш-тілегіне дер кезінде жауап беру. Осыған орай, қала әкімі Жандос Тасов қала әкімдігінің ғимаратында тиісті мекеме басшыларының қатысуымен қала тұрғындарын қабылдады. Қала басшысы әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, барлық сұрақтарға заңнамаға сәйкес жауап берді.

  -.  Әділетті қоғамның негізі – заң үстемдігі, ашықтық, жауапкершілік және халықпен тұрақты байланыс. Сондықтан тұрғындардың ұсыныстары мен көтерген мәселелерін тыңдау, олардың шешілу барысын бақылау – мемлекеттік басқарудың маңызды бөлігі. Мемлекет басшысы айқындаған реформалардың түпкі мақсаты – азамат пен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтып, әділетті әрі жауапты қоғам қалыптастыру. Кентаудың әрбір тұрғыны үшін қолайлы орта қалыптастыру – ортақ міндетіміз. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғаса береді,-деді қала әкімі Жандос Тасов.

Тұрғындар тарапынан жеке тұрғын үй, газдандыру, жұмыс және жер мәселелері бойынша өтініштер келіп түсті. Кентау тұрғындары үшін тұрақты жарық, қауіпсіз инфрақұрылым және жайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғаса береді. Өйткені сапалы инфрақұрылым – қаланың тұрақты дамуының негізі! Бөлім басшыларына тұрғындардың мәселелерін шешу бойынша тиісті тапсырмалар жүктелді. Азаматтардың әрбір өтініші назарға алынып, заңға сәйкес қарастырылатын болады.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУДА САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТУ – БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАРДЫҢ БІРІ!

Келесі жаңалық

КЕНТАУДА 2026–2027 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі