Воскресенье, 11 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Билік

КЕНТАУДА САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТУ – БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАРДЫҢ БІРІ!

9 июля, 2026
in Билік, Қоғам, Әлеумет
0
КЕНТАУДА САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТУ – БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАРДЫҢ БІРІ!
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Кентау қаласында тұрғындарды сапалы әрі тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Нәтижесінде, Кентау қаласы мен оған қарасты елді мекендер толықтай орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Дегенмен, инфрақұрылымның тозуына байланысты электр желілері мен қосалқы станцияларды жаңғырту жұмыстары қолға алынған.

Бүгінде Кентау қаласында «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобына кіретін «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Кентау қаласы электр желілері қызметкерлері инвестициялық бағдарлама аясында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Жұмыс барысында Кентау қаласында орналасқан МТП-14, ТП-23, ТП-24, ТП-96, ТП-4, ТП-65, ТП-66, КТПН-78, ТП-74 және КТПН-39 10/6/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станцияларында кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Қала әкімі Жандос Тасов қаланы сапалы электр энергиясымен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Жауапты мекеме директоры Бағлан Мырзахметов жыл басынан бері жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалармен таныстырды. Қала басшысы тұрғындарды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелеп, сапалы атқаруды тапсырды. Нәтижесінде, қаладаа электр желілерінің тозған учаскелері жаңартылуда,  ескі ағаш бағаналар заманауи тіректермен алмастырылуда және өздігінен оқшауланған (СИП) кабельдер тартылып, желілердің сенімділігі арттырылуда, трансформаторлардың қуаты ұлғайтылып, тұрғындарды үздіксіз электр қуатымен қамтуға жағдай жасалуда.

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – электр энергиясының сапасын жақсартып қана қоймай, апатты жағдайлардың алдын алу, халықтың тұрмыс сапасын арттыру және қаладағы өндіріс пен кәсіпкерліктің тұрақты дамуына қолайлы жағдай қалыптастыру. Қаладағы электр желілерін жаңғырту барысында күштік трансформаторлар мен электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсетіліп, тозығы жеткен жабдықтар ауыстырылды, тарату құрылғылары ретке келтіріліп, қосалқы станциялардың техникалық жай-күйі жақсартылды.

Аталған жұмыстар электр жүктемесінің артуына байланысты туындайтын тәуекелдердің алдын алуға, тұтынушыларға берілетін электр энергиясының кернеу сапасы мен сенімділігін арттыруға, сондай-ақ апаттық жағдайлардың туындау ықтималдығын төмендетуге бағытталған.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Кентау электр желілері алдағы уақытта да электр желілерін жаңғырту және жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жалғастырып, өңір тұрғындарын сапалы әрі тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыратын болады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша атқарылып жатқан барлық жұмыстардың барысы тұрғындар назарына тұрақты түрде ұсынылып, халықтың ұсыныстары мен пікірлері ескеріліп келеді.

Сапалы инфрақұрылым – тұрғындардың жайлы өмірі мен Кентаудың тұрақты дамуының кепілі!

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДАҒЫ КӨНЕ ҚАЛАШЫҚТЫҢ ҚОРҒАНЫНА РЕСТАВРАЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Келесі жаңалық

ҚАЛА ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі