Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЛА ӘКІМІ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫН САРАЛАДЫ

12 июля, 2026
in Жаңалықтар, әлеуметтік-экономикалық даму
0
Белтемір – бабалар мұрасын жаңғыртқан ұлттық рухтың белгісі
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде өңірде тұрғындарды толғандыратын мәселелерді жедел әрі сапалы шешу басты назарда. Осы бағытта әкімдік жұмысы айрықша маңызға ие. Биылғы жылдың бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерде оң өсім сақталған. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 119,4%-ды құрап, республика бойынша 2 орында тұр. Бұл – облысымыздың әлеуетін тиімді пайдаланудың нәтижесі. Алдағы уақытта да осы қарқынды сақтап, бірлескен жұмысты жандандыра тусу басты мақсат.

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен барлық аудан, қалада өндірістік парктер салынып жатыр. Мақсат – жұмыс орындарын көбейту. Өңірдің әлеуметтік-экономикасын жоғарғы деңгейге көтеріп, әлеуетін арттыру. Бүгінде 63,8 гектарды құрайтын Түркістан индустриялық аймағында жалпы 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 21 жоба іске қосылып, 9 жоба жүзеге асырылу кезеңінде. Жобалардың жалпы құны 19,641 млрд теңгені құрайды. Оның 9,725 млрд теңгесі игеріліп, қалған 9,916 млрд теңге көлеміндегі инвестицияны игеру жұмыстары жалғасуда.

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы аймақтағы индустриялық нысандарды аралап, өндірістік жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Аралау барысында қала әкімі индустриялық аймақта салынып жатқан Өндірістік парк кешенінің құрылысын қадағалап, нысанның сыртқы келбетін талапқа сай ретке келтіруді, аумақты абаттандыруды және асфальт төсеу жұмыстарын сапалы аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ құрылыс барысында анықталған кемшіліктерге байланысты мердігер мекемеге заң аясында тиісті шаралар қабылдауды жүктеді.

Сонымен қатар, қала басшысы индустриялық аймақта жүзеге асырылып жатқан «НҰРҚАҒАЗ-Х» ЖШС-нің қағаз бұйымдарын өндіру жобасының құрылысымен танысты. Инвестициялық құны 3 млрд теңгені құрайтын жоба 5 гектар аумақта орналасқан. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 40 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде, өндірісті 2026 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Жалпы индустриялық аймақтағы кәсіпорындарда 901 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал жүзеге асырылып жатқан жобалар толық іске қосылғаннан кейін қосымша 306 жаңа жұмыс орны ашылып, жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 1 207 адамға жетеді.

Қала әкімі өндірістік аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыру, өндіріс орындарының құрылысын сапалы аяқтау және барлық жобаларды белгіленген мерзімде іске қосуды тұрақты қатаң бақылауда ұстайтынын атап өтті. Сондай-ақ, жауапты тұлғаларға әрбір инвестициялық жобаның уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

 

 

 

 

 

 

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХИ КЕЛБЕТІН САҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

Келесі жаңалық

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАР ГРЕКИЯДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі