Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ: ШОҚТАС ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АСФАЛЬТБЕТОН ЖАБЫНЫН ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

26 июля, 2026
in Жаңалықтар
0
КЕНТАУ:ҚҰСШЫ АТА ЕЛДІ МЕКЕНІН ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында Мемлекет басшысы бастамашы болған Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған реформалар мен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Соның бір дәлелі – Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылының Шоқтас елді мекенінде көше-жол желісін дамыту және тұрғындардың көлік қатынасына қолайлы жағдай жасау мақсатында асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Қала әкімі Жандос Тасов ауылдағы құрылыс барысын бақылап, жұмысты сапалы әрі уақытылы атқаруды тапсырды.

  • Президентіміз айқындаған “Әділетті Қазақстан” қағидатының басты мақсаты – әрбір елді мекен тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру. Сондықтан ауылдардағы құрылыс жұмыстары халықтың нақты сұранысына сай, сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.

Біз үшін әрбір құрылыс нысаны – тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды жоба. Мемлекеттік қаржының әр теңгесі тиімді әрі ашық жұмсалып, атқарылған жұмыстардың сапасы қатаң бақылауда болады. Мердігер ұйымдар құрылыс талаптарын толық сақтап, жұмысты уақытылы аяқтауға міндетті. Ал жауапты сала басшылары әр кезеңді тұрақты бақылауда ұстап, туындаған мәселелерді жедел шешуі қажет. Халықтың сеніміне ие болатын, әділ әрі есеп беретін мемлекет құру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан әрбір жұмыс нәтижемен өлшеніп, тұрғындардың игілігіне қызмет етуі керек,- деді қала әкімі.

Аталған жоба аясында жалпы ұзындығы 4,56 шақырымды құрайтын Шоқтас басты көшесі, Шоқтас ішкі көшесі және Шоқтас саяжай көшелеріне асфальтбетон жабынын төсеу көзделген.  Жұмыстар 2026 жылдың маусым айында басталып, бүгінгі таңда жол төсемінің негізін дайындау жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта нысанда асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2027 жылға өтпелі болып табылады және жұмыстар бекітілген өндірістік кестеге сәйкес кезең-кезеңімен іске асырылуда. Құрылыс барысы тапсырыс беруші мекеме мен техникалық қадағалау ұйымының тұрақты бақылауында.

Жоба толық аяқталғаннан кейін Шоқтас елді мекеніндегі көше-жол инфрақұрылымының сапасы жақсарып, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қатынауына мүмкіндік жасалады.

Алдыңғы жаңалық

ҚАЗЫҒҰРТТА БАЛАЛАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАСА НАЗАР АУДАРЫЛДЫ

Келесі жаңалық

Қазіргі қоғам бұрынғыдай тек мемлекеттік органдардың есептерін тыңдаумен шектелмейді.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі