Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТТА БАЛАЛАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАСА НАЗАР АУДАРЫЛДЫ

24 июля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет
0
ҚАЗЫҒҰРТТА БАЛАЛАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАСА НАЗАР АУДАРЫЛДЫ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт ауданында білім бөлімінің бас мамандары мен әдіскерлеріне арналған балалармен жұмыс жүргізу бағытындағы әдістемелік кеңес өтті. Кеңес барысында бала тәрбиесі мен білім беру үдерісін жетілдірумен қатар, жасөспірімдердің цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, киберқауіптердің алдын алу және жасанды интеллект технологияларын тиімді әрі қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше мән берілді.

Кездесуге Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Беркінбай, Түркістан облысы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Мөлдір Баймұханбетова, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері мен сала мамандары қатысты. Жиын барысында білім беру ұйымдарында балалардың психологиялық әл-ауқатын нығайту, қауіп-қатердің алдын алу, тәуекел топтарындағы оқушыларды ерте анықтау және оларға уақытылы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мәселелері жан-жақты қаралды. Сондай-ақ, білім беру ұйымдары мен жауапты мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, профилактикалық жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру бағытындағы ұсыныстар ортаға салынды.

Психологиялық қолдау орталығының директоры Мөлдір Зайнуллақызы өз сөзінде қазіргі таңда балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету білім беру жүйесіндегі басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай әдістемелік кездесулер мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, балаларға қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді. Іс-шара соңында қатысушылар тәжірибе алмасып, өңірдегі білім беру ұйымдарында психологиялық қолдау жұмыстарын жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстарын білдірді. Жауапты мамандар балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау бағытындағы жұмыстарды бірлесіп жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Бүгінде балалардың интернетті белсенді қолдануы олардың білім алуына жаңа мүмкіндіктер ашқанымен, кибербуллинг, интернет-алаяқтық, жалған ақпарат, жеке деректердің таралуы секілді қауіптердің де артуына себеп болып отыр. Сондықтан педагогтер мен әдіскерлердің басты міндеттерінің бірі – оқушыларға цифрлық сауаттылықты үйретіп, қауіпсіз интернет мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, жасанды интеллектіні білім беру саласында тиімді қолдану, оның мүмкіндіктері мен жауапты пайдалану қағидаларын түсіндірудің маңызы айтылды. ЖИ-ді дайын ақпаратты көшіріп алудың құралы ретінде емес, білімді толықтыратын, шығармашылық пен ізденісті арттыратын технология ретінде дұрыс бағыттау қажет. Баланың қауіпсіздігі – тек мектептің емес, ата-ана, ұстаз және қоғамның ортақ жауапкершілігі.

Қазығұрт ауданында заманауи білім беру талаптарына сай цифрлық сауатты, ақпараттық қауіпсіздік мәдениеті қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

Алдыңғы жаңалық

Сауран археологиялық-сәулеттік кешені

Келесі жаңалық

КЕНТАУ: ШОҚТАС ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АСФАЛЬТБЕТОН ЖАБЫНЫН ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі