Воскресенье, 11 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Билік

«Әділетті Қазақстан» қағидаты – мемлекеттік қызметтің негізгі ұстанымдарының бірі.

31 июля, 2026
in Билік, Жаңалықтар, Өңірдегі өзгеріс
0
«Әділетті Қазақстан» қағидаты – мемлекеттік қызметтің негізгі ұстанымдарының бірі.
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

—  Кентау қаласы әкімі аппаратының әкімшілік және ақпарат қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Жанна Алимбаева арнайы сұхбат.

  1. Жанна ханым, қош келдіңіз. Сұхбатымызға келіскеніңізге көп рахмет! Жалпы Кентау қаласында «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын күнделікті қызметте қалай жүзеге асырып келесіздер? Оның нақты нәтижелері қандай екеніне тоқталып өтсеңіз?

Көп рахмет! «Әділетті Қазақстан» қағидаты – мемлекеттік қызметтің негізгі ұстанымдарының бірі. Кентау қаласында бұл бағытта ең алдымен ашықтық, заңдылық және азаматтардың құқықтарын қорғау қағидалары басшылыққа алынады. Әкімдік қызметінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге және тұрғындардың өтініштерін уақытылы қарауға ерекше көңіл бөлінеді. Барлық өтініштер заң талаптарына сәйкес қаралып, олардың орындалуына тұрақты бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және азаматтарға әділ қызмет көрсету бағытында тұрақты түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып келеді.

  1. Президенттің халықпен ашық әрі тиімді байланыс орнату жөніндегі тапсырмасы аясында тұрғындардың өтініштерімен жұмыс қалай ұйымдастырылған?

Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында тұрғындармен кері байланыс жүйесі жетілдірілген. Қала әкімі мен оның орынбасарлары тұрақты түрде азаматтарды жеке қабылдайды, ауылдарда көшпелі кездесулер, қабылдаулар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер, ресми интернет-ресурстар, e-Otinish бірыңғай платформасы және 109 қызметі арқылы келіп түскен өтініштер жедел қаралады. Әрбір өтініштің орындалу мерзімі бақылауда ұсталып, көтерілген мәселелердің жүйелі шешілуіне ерекше назар аударылады. Бұл тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға оң ықпал етуде.

  1. «Адал азамат» тұжырымдамасын насихаттау бойынша қандай іс-шаралар өткізілуде және оған жастардың қатысу деңгейі қандай?

«Адал азамат» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында қалада жастардың бойына адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік және отансүйгіштік қасиеттерді сіңіруге бағытталған көптеген іс-шаралар өткізіледі. Мемлекеттік қызметшілердің, жастардың, еріктілердің және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен кездесулер, пікірталастар, патриоттық акциялар, құқықтық сауаттылық сабақтары және «Таза Қазақстан» экологиялық акциялары ұйымдастырылып келеді. Жастардың мұндай шараларға қатысу белсенділігі жылдан-жылға артып келеді. Бұл олардың қоғамдық жауапкершілігін қалыптастырып, белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал етуде.

  1. Қызмет көрсету сапасы мен ашықтықты арттыру үшін қандай цифрлық немесе жаңа тетіктер енгізілді?

Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электрондық форматқа көшіріліп, тұрғындарға қолайлы әрі ашық қызмет көрсету мүмкіндігі кеңейтілді. Қала әкімдігінің ресми интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілерінде қабылданған шешімдер, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және маңызды ақпараттар тұрақты жарияланып келеді. Сонымен қатар, құжат айналымының электрондық жүйесі, e-Otinish платформасы, электронды мемлекеттік қызметтер және цифрлық бақылау тетіктері тиімді пайдаланылуда. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеп, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беруде.

  1. Президент тапсырмасындағы заң үстемдігі мен әділдік қағидаттарын сақтау бағытында қандай жұмыстар жүргізілуде?

Заң үстемдігін қамтамасыз ету – мемлекеттік басқарудың басты қағидаларының бірі. Осы бағытта мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтауына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және мемлекеттік қызмет көрсету барысында заң талаптарының сақталуына тұрақты бақылау жүргізіледі. Қызметкерлер арасында құқықтық оқыту семинарлары, түсіндіру кездесулері ұйымдастырылып, заңнамалардағы өзгерістер бойынша жүйелі ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.

  1. Тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған қандай жаңа жобалар қолға алынды?

ҚР Президент тапсырмасына сәйкес, Кентау қаласында тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған ауқымды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жолдар мен инженерлік инфрақұрылым жаңартылып, балалар ойын алаңдары мен спорт алаңшалары салынуда. Сонымен қатар, өндірістік жобаларды іске асыру, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауылдық елді мекендерді дамыту, цифрландыру және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда.

  1. Мемлекет басшысы ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыруда қандай оң өзгерістерді атап өте аласыз?

Бүгінде тұрғындар мен мемлекеттік орган арасындағы байланыс бұрынғыдан да ашық әрі тиімді сипатқа ие болды.Тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлері қаладағы көптеген әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жоспарлау кезінде ескеріліп келеді. Азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру, мәселелерді уақытылы шешу және кері байланысты күшейту нәтижесінде халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімі артып келеді. Алдағы уақытта да Президент белгілеген реформаларды сапалы іске асыру, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және тиімді мемлекеттік басқаруды қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғаса береді.

Сұхбатыңызға рахмет!

Алдыңғы жаңалық

«Ұлттық рух – ұлт болашағы: Түркістандағы мәдени мұраны дәріптеу жұмыстары»

Келесі жаңалық

КЕНТАУ: ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі