Понедельник, 23 ноября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

5 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет
0
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында Мемлекет басшысы бастамашы болған Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған реформалар мен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Соның бір дәлелі – Кентау қаласында 2026 жылға арналған жоспарға сәйкес жалпы ұзындығы 1,34 шақырымды құрайтын Қаратөбе, Балбырауын, Ақбикеш-1, Ақбикеш-2 көшелері мен «Экскаватор» зауыты бойындағы жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттама әзірленген. Қазіргі таңда Ақбикеш-1 көшесі мен «Экскаватор» зауыты бойындағы жолда асфальт-бетон жабындысын төсеу жұмыстары орындалды. Қала әкімі Жандос Тасов құрылыс барысын бақылады. Тұрғындармен тілдесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жауаптыларға құрылыс жұмыстарының сапалы әрі жүйелі атқарылуын қадағалауды тапсырды.

 Президентіміз айқындаған “Әділетті Қазақстан” қағидатының басты мақсаты – әрбір елді мекен тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру. Сондықтан ауылдардағы құрылыс жұмыстары халықтың нақты сұранысына сай, сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.

  • Біз үшін әрбір құрылыс нысаны – тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды жоба. Мемлекеттік қаржының әр теңгесі тиімді әрі ашық жұмсалып, атқарылған жұмыстардың сапасы қатаң бақылауда болады. Мердігер ұйымдар құрылыс талаптарын толық сақтап, жұмысты уақытылы аяқтауға міндетті. Ал жауапты сала басшылары әр кезеңді тұрақты бақылауда ұстап, туындаған мәселелерді жедел шешуі қажет. Халықтың сеніміне ие болатын, әділ әрі есеп беретін мемлекет құру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан әрбір жұмыс нәтижемен өлшеніп, тұрғындардың игілігіне қызмет етуі керек. Қаладағы жолдардың сапасы мен көлік инфрақұрылымының жай-күйі – тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар тек құрылыс немесе жөндеу мәселесі емес, ең алдымен халықтың талап-тілегін ескерудің нақты көрінісі болуы тиіс. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты қағидаларының бірі – тұрғындардың ұсынысы мен мәселесіне назар аударып, оны нақты іспен шешу. Осы ретте қала жолдарының сапасын арттыру, көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады- деді қала әкімі.

Айта кетейік, алдағы кезеңде қалған көшелерде де жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жалғасатын болады. Аталған жоба 2027 жылға өтпелі. Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалады. Қала жолдарының сапасын арттыру және көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады. Әрбір жөнделген жол – тұрғындарға қолайлылық. Әрбір сапалы инфрақұрылым – қаланың тұрақты дамуына жасалған қадам. Ең бастысы – халықтың пікірі ескеріліп, көтерілген мәселе назардан тыс қалмауы керек. Себебі халықпен кері байланыс бар жерде – нақты нәтиже бар.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: «ТҮРКІСТАН ӘУЕНДЕРІ» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Келесі жаңалық

КЕНТАУ: ҚАЛА ӘКІМІ ЖАНДОС ТАСОВ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі